Тимур Бекмамбетов

Темір Бекмамбетов Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетoв (орыс. Тимур Нурбахытович Бекмамбетов; ағылш. Timur Nurbakhytovich Bekmambetov) — шығу тегі қазақ, клипмейкер , продюсер, кинорежиссер.

1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді.

Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы “театр және кино суреткері” болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды.

“Ильхом” театрында және “Өзбекфильм” киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты.

2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың “Ночной дозор” және “Дневной дозор” аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын.

Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген “Ирония судьбы” фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.

2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.

2008 жылы әлемдік прокатқа “Особо опасен” фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудтатүсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық “Еуразия” кинофестивалының құрметті қонағы болды.

ЗАО “Империал фильм”, киностудия “ТАББАК” және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.