Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов

Фото: gazeta.caravan.kz

Фото: gazeta.caravan.kz

(1984 жылы ШҚО дүниеге келген) – қазақстандық танымал кино және театр актері, әнші-сазгер, мемлекеттік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

Әкесі – қазақстандық ақын, жазушы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов.
Анасы – Әлия Бақышқызы Әлімжанова.

Н.Әлімжан, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген.
Оқу ордасында жүріп Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында кішігірм рөлдерін ойнап жүрген.
Осы театрда сегіз жылға жуық қызымет атқарған.

Актерге танамалдылығы «Ағайынды» телесериалындағы Қуаныш рөлі және «Елбасы жолы», «Менің балалық шағымның аспаны» киноэпопиясындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлдері арқылы жалпақ жұртшылыққа аса танымал қылды.

Нұрлан Әлімжан қазақстанда кино актері, тележүргізуші, әнші-сазгер ретінде және мемлекеттік іс-шаралардың жүргізушісі ретінде де танымал.

Фото: kazamuza.net

Фото: kazamuza.net

 

Жетістіктері:
Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты;
2013 жылы Елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.
2013 жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының иегері.
ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.