Жанар Дұғалова

Фото: www.m-astana.kz

Фото: www.m-astana.kz

Жанар Асылбекқызы Дұғалова (1987 жылы Қызылорда облысында туған)

Қазақстандық эстрада әншісі, ән авторы, актриса.

Халықаралық “Türkvizyon-2014” ән байқауының Гран-При иегері (Татарстан, Қазан қаласы).

Ж.Дұғалова Қызылордада дүниеге келіп, Павлодар қаласында өскен.

Бала кезінде отбасымен бірге Алматыға көшті. Диапазоны кең әнші. Бірінші мұғалімі – анасы. Сол үшін Жанар жастайынан әнші болуды армандаған. Алты жасында бірінші рет жетістікке жетті.

Әрі қарай республикалық, қалалық байқаулардан жеңіске жетті. 2001 жылы “Жас қанат” байқауының жүлдегері болды. Жанар Дұғалова музыкалық колледжін бітірген және Мәскеудегі ГИТИС-ті тәмамдаған.

2001 жылы продюсер Баян Есентаевамен кездесіп,  “Кеш You” тобында өнер көрсетеді.

Жеке орындауындағы әндері:
• Таңданба (2011)
• Сүйемін деші (2012)
• Сен емес (2012)
• Кім үшін (2013)
• Бір сұрақ (2013)
• Уайымдама (2013)
• Ізін көрем (2014)
• Сен мені түсінбедің, Қайрат Нұртаспен бірге (2014)
• Айта Берсiн (2015)

«Астана жұлдызы-2015» Ұлттық музыкалық премиясының «Жыл әні» және «Жылдың үздік әншісі» (қыздар арасында) аталымдары бойынша жеңімпазы атанды.

2015жылдың 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2014ж «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының иегері.

Ақпаратты дайындаған: Юсуф Кисбаев