“Black dial” тобының бұрынғы әншілері Беделхан жайлы бар шындықты жайып салды.

Жариялаған: , уақыты 20.04.2018 , 6 549 рет оқылды

Есболат Беделханның «Black Dial» тобының бұрынғы әншілері топтан не себепті кеткендерін жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ескелді Қуандық пен Самат Қазмағамбетов өз шындықтарын айтып берді. “L” және “Teddy” есімімен белгілі топ мүшелері ақпан айында “Black Dial”-ден бөлек кеткен.

Наурыз айында баспасөз өткізген Есболат Беделхан екі шәкіртінің талаптарға сай болмағанын айтқан еді.

Ал жігіттердің сөзінше, Есболат Беделхан мен топ жігіттері арасындағы келіспеушілік осыдан бір жыл бұрын басталған. Ал олардың топтан кетуіне продюсердің үш ай бойы із-түссіз жоғалғаны себеп болыпты. Сондай-ақ кіші Беделхан қол астындағы жігіттерге екі жыл бойы ақы төлемеген.

“Үш ай бойы концерт те, ән жаздыру да болмады. Продюсеріміз жәйдан-жәй байланысын үзді”, – деген Ескелді мен Самат топтан кетуге шешім қабылдаған.

Ал көп ұзамай Есболат Беделхан шәкірттерінен келісімшартты бұзғаны үшін 96 миллион теңге сұраған. Ал келісімшартты жасаған сәтте жігіттер оның екінші тұпнұсқасын қолына ұстамаған. Сондай-ақ “Black Dial” жігіттері жеті жыл бойы сахнаға шыға алмайды.

Қазір Ескелді мен Самат заңгердің көмегіне жүгінген.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.