Димаш пен Данэлия Ақтөбеге келеді

Жариялаған: , уақыты 13.04.2018 , 356 рет оқылды

Маусым айының 1-3 күндері Ақтөбеде алғаш рет “Бақытты бала” балалар байқауы өтеді. Бұл туралы Ақтөбе облысы баспасөз қызметі хабарлайды. Жоба облыс әкімі Берікбек Сапарбаевтың қолдауымен өтеді.

Балалар байқауында 10 мен 15 жас аралағындағы балалар қатысады. Қазіргі таңда ұйымдастырушылар өтінімдерді қабылдап жатыр. Қатысушылардың географиясы шектеулі емес. Байқауға Қазақстан, Грекия, Ресей, Украина, Татарстан және Қытай елдерінің балалары қатысуға ниет білдірген.

Ақтөбе қаласы әкімнің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қашықтан іріктеу туры компьютерлік өңдеусіз және жанды дауыста орындау арқылы baqyttybala@gmail.com электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 15 мамыр күні аяқталады.

Байқаудың екінші туры 1 маусым күні басталады. Іріктеуден өткен қатысушылар жартылай финалда жеңіске жету құқығын дәлелдеу үшін Ақтөбенің сахнасында өнер көрсетіп, одан кейін жарыстың финалына өтеді. Байқау соңында финалға шыққандар Димаш Құдайбергенов, Данэлия Тулешова және Луиза Нұрқуатовалармен бірге өнер көрсететін болады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.