Сасық көкірек. Белгілі журналист Нұрболат Абдуллинді сынап тастады.

Жариялаған: , уақыты 12.04.2018 , 3 155 рет оқылды

Қазақ радиосының” журналисті Мөлдір Жанбаева 1 сағат қалғанда эфирге келмей қойған Нұрболат Аблуллинді сынап тастады.

Журналист ренішін “Facebook” желісі арқылы жеткізді.

“Осыдан 2-3 апта бұрын Нұрболат Абдуллиннің концерті алдында #тікелейэфирге шығарғым келді. Қазақы бояуымен əдемі келе жатқан қоңыр үнді қазақтың баласы ғой. Хайп іздеген мына заманда, тек аяқтан шалуды #сүйетін басқа коммерциялық арналардай емес, əр қазаққа жалғызым деп қарап, барынша қолдайтын #Қарашаңырағым арқылы концерті туралы кеңінен айтайық деп ойладым. Түнгі 1-ге дейін ноутбукке үңіліп, жіті зерттемек боп, сұхбаттарын, инстаграмдағы əр жазбасын оқып шықтым. Əсіресе, ауыл көрінісін, анасымен қарым-қатынасын, түйелерін жəне т.б суреттегенде, көркем шығарма оқып отырғандай əсер алдым. Сұрақтарды да қызықты етіп дайындауға тырыстым. Сөйткен қонағым эфирге 1 сағат қалғанда, “Арендаға студия алып қойдық, ол да осы қазір шешілді. Сіздерге бармаймыз” деді. Əрине, өзі емеч, қасындағы қосшысы айтты. Егер күндіз айтса, басқа адам іздер едім. 1 сағаттық эфирді қалай толтыруға болады? Дайындалатын студиясы Қарашаңырақтан артық па? Оны басқа уақытқа ауыстыруға болмай ма? Сол миыма сыймады, тіпті əлгі қосшысына жалынғандай болдым. Бəрібір келмеді. Бұл əрекетіне менен бұрын ағалар қатты ыза болды. “Республикалық радиода олардың əндерін күні-түні жарнамалаймыз. А олар эфирге 1 сағат қалғанда, басқа жұмысына кете салады” деп.

Нұрболатпен жақын араласатын талай адамнан оның соңғы кезде қатты өзгеріп кеткенін естігенмін. Жарайды, #ЖұлдызАуруы деген уақытша дерт, кез келген адам айығады. Оның үстіне жастықтың оты бар, аламанда оза шауып келе жатқан талант қой. Еркелігін көтеретін халқы көтере берер. (Өз инстасында Қайрат Нұртасты “Ақ патшам” деп қайта-қайта жазатынын қабылдай алмадым).  Əрбірден кейін, ол əнші біздің жарнамалауымызға мұқтаж да емес, əндері Қазақ радиосынан өтуін қажетсінбейді де. Бірақ, халықтың ықыласы мен қошеметінен ерте тойып қалу – Қазақ өнері үшін қасірет. Бір байқағаным, Али Оқапов, Айқын, қазақша дұрыс сөйлей алмаса да Кентал деген қалалық тəрбие көрген өнер иелерінің ішкі мəдениеттері сұмдық #жоғары екен. Тіпті, қатты сүйсіндім. Қайта ауыл көргендері #типа жұлдызбын деп кекірейіп, сасық көкірек. (Есімдерін жарияламай-ақ қояйын) Бірақ, өнердің өкілдері осылар ма деп таңқалғаным бар.

Жанар апай, сіздің алдында əншілердің #малайлары туралы жазғаныңыз да осы жастарға тікелей қатысты. Сол малайларының арқасында өздерін хан санайды. Олары жүреді зыр жүгіріп. Осы Ақжол Мейірбеков, Мұқасандар өздері- ақ келген, флешкадан əндерін беріп дегендей.

Кезінде Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Н.Нүсіпжанов, Е.Хасанғалиевтар сол студияда оркестрмен əн салып, тікелей эфир арқылы таратқан киелі шаңырағым- ай! Оны үлкен кісілер аңыз ғып айтып отырады. Жарайды, өздері білсін! Артық ештеңке жазғым келмейді.” – деп жазады журналист.

Бір пікір

  1. Қолқоюсыз

    13.04.2018 at 13:07

    Əли Оқапов таза қазақшаны жақсы біледінегізі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.