Әли Оқапов: “Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік”.

Жариялаған: , уақыты 04.03.2018 , 3 945 рет оқылды

Атышулы Ақбота-Нұр КешYOU тобының құрамында ән салатын кезінде, әнші Әли Оқаповпен бірге түскен суреттерді жиі салатын. Екеуін қосып жүрген халық Ақбота мен Дәуреннің жыры басталғалы ол күдігін ұмытқан-ды. Дегенмен, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Жақында Әли Оқаповтың клипінде  басты рөлді сомдаған Ақбота Сейітмағамбетпен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындады. Әнші бұл жайында Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында айтылды  деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі.

Әли Оқаповтың бейнебаянын тамашалаған көрермендер Ақбота Сейтмағамбет пен әншіден жарасымды жұп шығатынын айтқан еді. Ол уақытта көпшілік Әли мен Ақботаның арасында шын мәнінде махаббат болғанын білмеген.

«Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік. Ол кезде Ақбота шоу-бизнеске енді келген еді. Ол небәрі бірнеше ай сахнада болды, екеуміз гастрөлде танысқанбыз»,деген Әли бұдан кейін Ақботамен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді.

«Мүмкін жас айырмашылық әсер еткен шығар. Ол тым жас еді. Сондықтан екеуміз бір-бірімізге сай келмейміз деп ойладым. Мұны бірінші рет мойындап отырмын», – деді ол.

Сондай-ақ, Әли анасының бұл жағдайға қалай қарағанын түсіндірді.

“Анам ол туралы білмейді деп ойлаймын. Десе де анам менің жеке өміріме ешқашан араласқан емес. Ол үнемі маған “бақытты болсаң болғаны” деп айтады”, – дейді Әли.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.