Қалаулымдық Шынар: Мен үшін АДАМ емес ШАЙТАНҒА бағаланған ЖЕҢІЛТЕКСІҢ!

Жариялаған: , уақыты 03.03.2018 , 6 724 рет оқылды

“Қалаулым” жобасының алғашқы жұбының ара-қатынасы Ислам Алтайбаевтың ғаламторда тараған видеосынан бірден суып кетті. “Қазақстан дауысы”, “Музарт Life” жобаларына қатысып, әнші ретінде өзін көрсетіп “Қалаулым” жобасының әнұранын орындаған Ислам ел алдында масқарасы шықты.

Исламның жұбы болған Шынар Меджанова экс ғашығына деген ашуын, ренішін өлең сөздері арқылы жеткізді.

“Жарты жыл “үйленем” деп сайраған,
Жасаған былығын қызға аудара салаған,
Жер өртеп, атын шығара алмай,
Маска киіп, қыз алдап, “герой” болған.
Атақ пен Мансапқа жабыса,
Абыройы мен маскасы бір күнде ашылған!
Көрінгеннің етегіне жабысып,
Танымастың құшағына түнеп. “Мен емес, Ащы су кінәлі”, “Мен емес бейтаныс қыз кінәлі” дей
Менменшіл, су жүрек арсызданған!
Опасыздықтың нағызын жасай тұра,
Қыздың намысын таптай тұра,
Ұялмастан өлең айттың!
Ұялмастан өлең жаздың!
Өлеңге лайықты сен емес ең,
Сезімге лайықты сен емес ең,
Сен үшін барлығы сол пияр үшін,
Сен үшін барлығы сол өзің үшін!

Мен үшін шынайы келбетің ашылған.
Мен үшін жиеркенішті бейтаныссың!
Мен үшін ЕР емес, ЖЕР болған,
Мен үшін АДАМ емес ШАЙТАНҒА бағаланған ЖЕҢІЛТЕКСІҢ!

Сендейлерден қорғаған Аллама мың тәубе!
Сендейлерден қорғай жүр әр қазақ қызын Алла!
Сенемін! Мен Сенемін!
Қазақта бар нағыз Ер Жігіт!
Қазақта бар нағыз намысшыл жігіт!
Қызды сыйлар, қызды бағалар..
Қызға қомқор, қызға қамал!
Сөзге шорқақ, іске мықты !
Қазақта бар Нағыз ЕР МЫҚТЫ!

Халықыма деген Сезімім пәк,
Болашағыма деген сенімім пәк,
Көйлегім ақ), көңілім ақ!
Менде бәрі шүкір-ақ!” – деп жазады Шынар өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына.

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.