Қалаулымды жұрт неге қаламайды?

Жариялаған: , уақыты 28.02.2018 , 3 111 рет оқылды

Өткен жылдың жазынан бастап, Еуразия бірінші арнасынан шығатын атышулы «Қалаулым» бағдарламасы көрермендермен қатар зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары да біраз сынға алған. Түрік телевизия саласының өкілдерімен біріге түсірілетін бұл шоудың қазақ менталитетіне сай емес екенін айтып, оны жабуды талай талап еткен еді. Дегенмен, бағдарлама әлі де жалғасын табуда.

Ал бүгін Астанада ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысуымен “Мирас” кеңесінің жиыны өтті. Жиында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесі ҚР Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігіне бағдарламаны жабу жайлы ұсыныс білдірді.

«Мемлекеттік арналар ашып жатқан тележобалар көрші елдің ескірген телебағдарламаларының сәтсіз көшірмесі екендігін ескере отырып, соның бірі ұлттық мәдениетімізге нұқсан келтіретін «Қалаулым» бағдарламасын сараптамадан өткізіп, ары қарай жұмыс жасауына шектеу қою. Орындау мерзімі – 25 сәуір 2018 жыл»,  – деп жазылған ұсыныста. Бұл жайлы бірінші болып, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасында бөлісті деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі.

Ұсыныстың күшке ену не енбеуі қазірге белгісіз. Орындау мерзімінде көрсетілгендей, 25 сәуірге дейін белгілі болар деген ойдамыз.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.