Оқырман: “Атың шықпаса, жер өрте. Депутат боласың”

Жариялаған: , уақыты 26.02.2018 , 1 147 рет оқылды

Қазақстандық саясаттанушылар тобы Қазақстан Парламентінде мәжіліс пен сенаттан бөлек үшінші палата құру жөніндегі бастаманы көтеруде. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков арнайы жеткізді деген ақпарат тарағалы қазнет қызу талқыға түсті.

Жоспарланып отырған үш палаталы парламент əлемде теңдесі жоқ саяси құрал болады деп сенеді мамандар. Жаңадан құрылатын үшінші палата парламентінде қоғамдық танымал тұлғалар депутат болады. Солардың алғашқылары: атышулы Төреғали Төреəлі Айжан Байзакова жəне Баян Алагөзова. Онымен қоса, үміткерлер тізімінде: МС Сайлаубек, Тұрсынғали Алагөзөв, Айсауле Бақытбек, Меруерт Түсіпбаева, Мақсат Үсенов, Қайрат Нұртас жұбайымен бірге, басқа да халықтың қалаулы емес жандарын кіргізуді ұсынған хабарламасынан кейін оқырмандар:

“Сонда жұлдыз сымақтар халық атынан сөйлемек пе?”,”Атың шықпаса, жер өрте. Депутат боласың” – деген сынды пікірлер қалдыруда.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.