Мақпал Исабекова тек ақшаны ойлайтын той әншілерін сынап тастады

Жариялаған: , уақыты 22.02.2018 , 808 рет оқылды

«Қазір сахнаның 60 %-ы той әншілері. Біз кейін балаларымызға мына әнді тыңдадық деп қалай ұялмай көрсетеміз» Танымал әнші Мақпал Исабекованың пікірі осындай. Бұл жайында олTengrinews TV-дің «The эфир» бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мәңгілікке қалмаса да, болашақта ұрпағымызға ұялмай айта алатын ән қалдыруымыз керек. Мені той әншілері қанағаттандырмайды. Себебі қазір сахнаның 60%-ын той әндері жаулап алған. Тек ақшаны табуды ойламай, алдағы уақытты да ойлап қою керек. Дүниенің барлық ақшасын жинап үлгермейсің. Әрі о дүниеге алып кете де алмайсың. Сенің артыңнан қалатыны тек ән ғана», – деді әнші.

Сондай-ақ Исабекованың айтуынша, көп ақшамен уақытша жағдайыңды жасай аласың. Ол өзінің сүйікті ісінен ақша табуды емес, өз ісін маман ретінде лайықты атқаруды ойлайды екен.

«Әртіс тек тойда секеңдеп, ақша табатын адам емес. Әншіге, әртіске даму керек. Өсу керек! Шетелге шығып, өзін жетілдіруі қажет. Түрлі халықаралық шараларға қатысқаны жөн. Тойда жұлдыз болу мәңгі емес», – деді әнші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Абай Бегей қазақ сахнасындағы жұлдыздардың екіге бөлінетінін айтқан болатын. Сондай-ақ ол кей жұлдыздар той әншілерін менсінбейді деп ренжіген еді.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.