fbpx

Төреғали Төреәлі: Сөз беремін, мен енді өзгеремін…

Жариялаған: , уақыты 17.02.2018 , 1 637 рет оқылды

Павлодар қаласындағы əн кешінде мінез көрсетіп, халықтың көңілін қалдырған “Ұлы дала баласы” желідегі парақшасына өз стилінен ерекше сурет жариялап, халықтан кешірім сұрап, енді өзгеремін деп сөз берді. Халықтың көңілінен қайта шығуға білек сыбана кіріскен әнші онымен қоса, енді əн кештерімен халықтан кешірім сұрамақ ойда. Бұл жайлы Жұлдыздар Әлемі хабарлайды.

Инстаграм желісінде Төреғали Төреəлінің “Қатемді кешіріңдер” атты əн сапарының ұйымдастыру жұмыстары басталып кеткенін көрсететін афиша суреттері пайда болды. Дегенмен, афиша суреттерін көрген халық тағы да əр түрлі пікірлерін қалдыруда. Көпшілігі əншіні өз қалаларында күтетіндерін жазып, əн сапарына сəттіліктер тілеп жатса, енді біреулері əншіден бұрынғы қателіктерді қайталамауын ескертуде.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы оқиғадан соң инстаграмдағы халықтың көпшілігі əншіге “Павлодарда тегін концерт қойып, халықтың кешірім алсын” деген ұсыныстар жазған болатын.

 

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    21.02.2018 at 02:41

    Жокполш! Журекти айнытпай!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.