Әйгілі Митхун Чакраборти Шымкентке келеді

Жариялаған: , уақыты 15.02.2018 , 779 рет оқылды

Әлемге танымал актер Митхун Чакраборти түсірілім жұмыстарымен Шымкентке ат басын тірейді деп хабарлайдыТVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Сәуір айында ауқымды үнді фильмін түсіреміз. Бұл түсірілімге атақты Митхун Чакраборти да қатысады. Болашақта түсірілім жұмыстары біткен соң, фильмнің тақтайшасында Шымкентте түсірілген деген жазу міндетті түрде көрініп тұрады», – деді Евразиялық кинофестивальдің директоры Мира Қарсақпаева.

Тағы бір айта кететіні, жақын арада Лондонға қарасты Дакорум ауданында қазақстандық режиссерлердің қатысуымен кинофестиваль өтеді. Қарсақпаеваның айтуынша, жобаға 2016 жылдан бастап бүгінге дейін түсірілген толықметражды фильмнің барлығы қатыса алады.

«Бізде іріктеу 15 наурызда басталып маусымға дейін жалғасады. Бізді Дакорумның мэрі Дэвид Коллинздің өзі қолдап отыр», – деді фестиваль директоры.

Ал бұл кештің құрметті қонағы Бред Питт болмақ.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.