Экс-кешьюлік Ақбота Баянның қол астына қайта оралмақ

Жариялаған: , уақыты 15.02.2018 , 1 457 рет оқылды

«Кешьюдің» экс-әншісі бұрынғы басшысымен жұмысын жалғастырады ма? Жеке өміріндегі келеңсіз жайттан кейін Баян мен Бағымды ренжіткен Ақбота, ұстаздарымен қоштаспай кеткен еді! Алайда, араға бірнеше жыл салып, қос тарап қайта татуласқан. Тіпті Сейітмағамбеттің кезіндегі продюсері Алагөзованың орталығына қайта оралуы да  мүмкін деседі… Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

– Алдынан өтіп, рахметімді айтып, кешірім сұрадым. Жүкті болған кезде кетіп қалған болатынмын. Ол кісі мені түсінді, менде ол кісіні түсінемін. Ол кісі мені қазір қолдайды деген үміттемін. Қазір енді қарым-қатынасымыз, Аллаға шүкір ойдағыдай.

Иә, қос тарап татуласты. Тіпті Ақбота мен Баянның арасындағы шығармашылық байланыс та қайта жандануы бек мүмкін. Бүгінде, Сейітмағамбет бұрынғы продюсерімен, жаңа ресми келісімшарт жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Ақботамен келісімшартқа отырып, жұмыс жасау туралы сөйлесіп көрдік. Әзірше нақты бір ортақ шешімге келген жоқпыз. Бірақ, қарым-қатынасымыз қаз-қалпында қалды. Үлкен гүлін алып біздің орталыққа келіп, кешірім сұрады. Мен оны біздің жобаларға шақырдым. Алдағы уақытта көріп қалуларыңыз ғажап емес. Сондықтан «Кешьюдің» экс-әншілері менің жанымда болады.

Айтпақшы, Ақбота топтағы жұмысын тоқтатқан сәтте, Алагөзова бұл гелзбендтің экс-әншісі Жұлдызбен де қатар қоштасқан еді. Бүгінде Баянның «Кешьюден» түлеп ұшқан бикешке де еш реніші жоқ!

 Баян Алагөзова, продюсер:

– Жұлдызбен де сыйластығымызға сызат түскен жоқ. Ол өте жақсы қыз. Менімен жұмыс істеген уақыт ішінде, бірде-бір сөз естімеген әнші сол, Жұлдыз шығар… Артық әңгімесі жоқ. Бірақ, маңдайына жазғаны сол болар, қоштасуға тура келді. Біздің тізімдегі үздік 10 актрисаның қатарында бар. Болашақта бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.