Төреғали журналистерге жаңа бейнебаянмен жауап бермек

Жариялаған: , уақыты 14.02.2018 , 2 004 рет оқылды

Павлодар қаласында кеш беремін деп басы ұзақ дауға іліккен әнші, балағаттаған қарияны емес, халықты ренжітіп алған-ды. Соның салдарынан әнші енді Павлодар қаласындағы концерттерден шеттетілді. Онымен қоса, әріптестерінің арасында болған кикілжіңдер де халыққа жарияланып, “жаман атты” болған Төреғали біраз уақыт үнсіз кеткен еді. Енді міне, күш-жігерін жинақтап, сөз етілген барлық дүниеге бейнебаян арқылы жауап бермек деп хабарлайды әншінің парақшасына сілтеме жасаған Жұлдыздар Әлемі.

Біраз оқырман жарияланған видеоны кино болар деп ойлады. Бірақ бейнебаянның тизеріне зер салсақ, осы күнге дейін теледидарларда айтылып, сайттарда талқыланған тақырыптарға “Ұлы дала баласы” деп танылған Төреғали әнмен жауап бермек.

 

 

#Айxай25 #Айқай25

A post shared by Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali) on

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.