Дастан Оразбеков: Айқын екі жақта да үлгеріп жүр

Жариялаған: , уақыты 12.02.2018 , 2 981 рет оқылды

Жұлдыздар Әлемі интернет-порталы By Production ұжымымен бірге “Сөккен Әңгіме” атты жаңа бағдарлама ұсынған болатын.

Жобаның алғашқы қонағы Дастан Оразбеков атышулы Айқын мен Жұлдыз жайлы бар шындықты айтты. “Екі жұлдыз” жобасынан бері жақын араласып келе жатқан достар бір-бірінен ештеңе жасырмай, жақсы сырлас еткендерін сөз еткен Дастан, Айқынды осы қылығы үшін сөкпегенін айта:

Одан әлдеқайда жаман нәрсе жасаған азаматтар көп. Ол ел алдында жүргеннен кейін осындай сөгістің астында қалды.Біздің ата-бабаларымыз үш-төрт әйелден алған. Мен өзімнің атамның төрт әйелі болды. Дегенмен, Айқын бірінші отбасынан ажырап кеткен жоқ.Ол солармен бірге. Барып, бос уақытын өткізіп, қызы мен ұлына қамқор. Ол екі жаққа да үлгеріп жатыр. Оның бұл әрекеті соншалықты жаман емес “, – дейді әншінің жан досы.

Жүргізуші Зарина Муслимнің: “Өзіңіз екі әйел, төрт әйел алуға қалай қарайсыз?” – деген сұрағына, қарсы екенін айта: “Мне одной женщины хватает!” – деп әзілмен жауап берді.

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    13.02.2018 at 00:23

    Әйелі мен балаларына сатқындық деп түсінемін. Олай екі ортада жүргені бар болсын

  2. Аноним

    13.02.2018 at 17:34

    Я считаю это не правильно в корне, страдают в первую оч дети ! надеюсь для таких “мужчин” в аду будет отдельный котёл! А вот мнение Дастана я попросту считаю мужской солидарностью, потому что друг!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.