Отандық шоу-бизнес өкілдері ватсапта қандай тақырыпты талқылайды?

Жариялаған: , уақыты 12.02.2018 , 1 078 рет оқылды

Осы құрдастардың жазбайтыны жоқ! Құрметті достар, сіздерді қайдам, менің «ватсабым» дәл осылай тәулік бойы тыным таппайды. Біреуі түрлі видеоларды, енді бірі мектеп кезіндегі суреттерді жіберіп күлдіртеді.  Ал отандық шоу-бизнес өкілдері ватсапта қандай тақырыпты талқылайды? Бұл жайлы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.

Иә, қолы қалт етсе «Алаулық» жігіттердің де телефонға жиі телміретіні бар. Өйткені, тақырыптың барлығын «ватсап» желісі арқылы талқыға салады. Мәселен, Әсеттің смартфоны түрлі чаттарға толы.

Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының әншісі:

– «Туысқандар», одан кейін «Бригада», ол өзіміздің «Алау» тобы. Одан кейін «Чемпионат по FIFA-2018», ол жерде яғни біз бүкіл әншілермен, анда-санда чемпионат ұйымдастырып тұрамыз.

Эриктің шәкірті Серіктің де виртуалды әлемдегі әңгімелерге аңсары ауып тұрады. Бірақ, әншінің «Ағайындар» деп аталатын топтағы туыстарына айтар өтініші бар.

Серік Гамза-заде, әнші:

– Ішінде «Ағайындар» деген топ бар, 24 сағат тынбайтын. Видеолар келіп жатады, суреттер келіп жатады. Телефонның жадын толтырып тастайды. Сол кісілерге айтарым, көп жібере бермеңіздерші.

«Melo’Men» тобының жігіттері үшін, смартфонға үңілген сыныптастардың әңгімесі қызығырақ!

«Melo’Men» тобы:

-Қызықтың барлығы класстастарда деп ойлаймын. Өйткені, арасында ұрсысып алады, класстас қыздар жылап алады, өткен-кеткенді еске алып…Әншісің бе, әкімсің бе қызықтырмайды. Бәрі бірдей. Сонысымен қызық!

Жанұя мен жұмыс! Ернар Айдар дәл осындай екі «ватцап» тобына тіркелген. Алғашқы чаттан тек ата-анасының амандығын білсе, соңғысында қызу шығармашылық науқан жүріп жатады екен.

Ернар Айдар, әнші:

– Команда белсенді. Өйткені күнделікті жұмыс қой. Ал, жанұяда анамыз тілегін жазып жатады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.