«Жас Отан» орталық кеңесі мүшелігіне үміткер Ninety One тобының рэпері жаңа леп әкелуі мүмкін бе?

Жариялаған: , уақыты 10.02.2018 , 1 123 рет оқылды

Таяуда ғана Ninety One тобының мүшесі «Жас Отан» орталық кеңесі мүшелігіне сайлауға түсетіні жайлы «Жас Отанның» баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Q-pop (Qazaq pop) бағытындағы топ Тәуелсіздік құрметіне 91 деп аталған еді. Атына заты сай тәуелсіз жігіттердің өз лақап аттары бар. Ал орталық кеңесі мүшелігіне үміткер атанған ZaQ – қазақ филологиясын тәмәмдағандықтан, тығыз байланыстыра Зак (керісінше Қаз) деген есіммен танылып жүр.

Биыл алғаш рет өткізіліп жатқан «Жас Отан» орталық кеңесінің мүшелерін сайлауға түсетін Ninety One тобының рэпері сайлау қорытындысы бойынша таңдалса, “Жас Отан – Жастар қанатына” жаңа леп әкелуі мүмкін деп болжануда. Оның себебі, отандық шоу-бизнесте жастардың феноменіне айналған топқа жас буынның қызығушылығы.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.