Орал мен Гүлназдың махаббаты жалғасын таппақ

Жариялаған: , уақыты 03.02.2018 , 2 073 рет оқылды

25 жыл бұрын жарық көрген «Махаббат бекеті» туындысы жалғасын таппақ. Бұл туралы Гүлназдың рөлін сомдаған Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі.

«Махаббат бекеті» Гүлназ есімді сұлуға Жеңіс пен Орал есімді қос жігіт ғашық болып қалады. Әскерге кеткен Орал ғашығына махаббат хатын жолдайды. Алайда Гүлназдың туыс ағасының кесірінен хат иесін таба алмайды. Әскерден қайта келген кезде Орал сүйіктісінің Жеңіске тұрмысқа шығайын деп жатқанын біледі. Тағдырдың жазуымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады.

“Махаббат бекетіне 25 жыл. Кейіпкерлердің тағдыры жайлы білетін кез келген сияқты. Махаббат бекеті 2”–  деп жариялаған Алагөзова.

https://www.instagram.com/p/Bes93KpDGFF/?hl=ru&taken-by=bayanmaxatkyzy

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.