Ержан Мұқатаев “Қозы көрпеш – Баян сұлу” телехикаясы туралы өз пікірін білдірді

Жариялаған: , уақыты 24.01.2018 , 3 164 рет оқылды

Қозы көрпеш – Баян сұлу телехикаясында басты рөлді сомдаған Ержан Мұқатаев сериалдан шыққан дау-дамайға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Жұлдыздар әлемі порталы хабарлайды.

Жас актер өз пікірін Telegram желісіндегі арнасында жазды.

“Бәріңе сәлем! “Қозы көрпеш – Баян сұлу” телехикаясы жайында болып жатқан дау-дамайға қатысты үнсіз қаламын деп ойлаған едім. Бірақ көптеген жандар “телехикаяны не себепті арнадан алып тастады? Бұл жайында менің пікірім қандай?”- осындай сұрақтар соңғы уақытта жиі қойылуда. Менің пікірім қатты маңызды деп айта алмаймын, дегенмен де дау-дамайға терең үңілген жоқпын. Бастысы мен өз жұмысымды орындадым, ал қалғаны маған қатысы жоқ. Бірақ сұрақтар қойылып жатқаннан кейін, мен өз пікірімді білдірейін.

Біздің ұжым үлкен жұмысты атқарды. Бәрібір де баға беретін халық, ал менің өзіме көпшілігі жақсы пікір білдірген болатын. Петиция жайында сөз болып, 100-200 адамдар қол қойып, телехикаяның арнадан алып тастауын талап еткенін естігенімде мен таң қалдым. Менде мынадай сұрақ пайда болды: Үлкен аға-апалар неге бұлай жасап жатыр?

100-200 адам қол қойған петициямен балалар үйіне, зообақтағы жануарларға көмектесіп, біздің елдегі суицидпен күресулері керек еді. Біздің елде сериалдан да күрделірек тақырыптар көп қой, мен бұл петицияны “көре алмау” – деп түсіндім.

“Қозы көрпеш – Баян сұлу” телехикаясын жамандап жатқандарға айтарым: Біріншіден сіздердің пікірлеріңізді конструктивті деп айта алмаймын, ал екіншіден бұл телехикая, деректі фильм емес, сол себепті де дәл сол оқиға көрсету міндетті емес. Телехикая арқылы біз сол кездегі эмоцияны, махаббатты, әділетсіздік пен арамдықты көрсете алдық деп ойлаймын. Телехикаядан минус іздеп, дәл тарихтағыдай болмады деу дұрыс емес. Бұл көркем туынды сол кездегі кейіпкерлердің өмірін суреттедік, көркем туындының суретшісі суретті одан әрі әрлендіруге құқығы бар. Менің айтарым осы”.

ЕСКЕРТУ! БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН! АҚПАРАТТЫ КӨШІРІП БАСУ ҮШІН САЙТТАН РЕСМИ РҰҚСАТ АЛУ КЕРЕК!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.