«Движение вверх» спорттық драмасындағы қазақ чемпионы кім?

Жариялаған: , уақыты 19.01.2018 , 394 рет оқылды

«Бизнес по-казахски в Америке» фильмін, ресейлік спорттық драма бұл аптада табыстылар тізіміндегі бірінші сатыдан ығыстырды. «Движение вверх» картинасы, олимпиаданы ұтқан КСРО-ның баскетбол құрамасы жайында. Айтпақшы, сол командада қазақ баласы да ойнағанын білесіз бе? Бұл жайлы НТК арнасының Ревю жаңалықтарында айтылды.

1972 жылы жасындай жарқылдаған КСРО баскетбол құрамасы сапында, қазақ баласы – Әлжан Жармұхамедов те болған. Оның да образын, финалда 3 секундта сенсация жасаған, Мюнхен Олимпиадасы чемпиондары жайлы «Движение вверх» картинасынан табасыз. Аталмыш фильм прокатқа шыққан алғашқы аптасында 91 млн-нан астам теңге жинап, үздіктер көшін бастады.

Жармұхамедов Әлжан Мүсірбекұлы* – Қазақстан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболшы, КСРО-ның еңб. сің. спорт шебері. КСРО-ның (1970 – 74, 1976 – 80 ж.), Олимпиялық ойындардың (1972, 1980), Еуропаның (1967, 1971, 1979) чемпионы болды.

Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов, спортқа еңбегі сіңген спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Чемпиондық атақты баскетболдан 1972-жылы Мюнхен олимпиадасында алған, әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО чемпионатының тоғыз дүркін чемпионы.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.