Бүркіттің дебюттік картинасы неге үмітін ақтамады?

Жариялаған: , уақыты 17.01.2018 , 1 254 рет оқылды

Таяуда, Бүркіт отандық киноөндіріс көшіне өз туындысын қосқан-ды. Бірақ, «Логово» триллері жұмсалған шығынды да, еңбекті де ақтамады деп қапаланып отыр. Кассалық жиыны орасан «Бизнес по казахский в Америке» комедиясының продюсері Нұрлан Қоянбаев болса, Бүркіттің не себепті шалыс басып, сәтсіз картина таспалағанын анық біледі. Бұл жайлы НТК арнасы Ревю бағдарламасында айтылды.

Продюсерлік пен режиссерлікті де мойнына жүктеген Бүркіт, тұңғыш туындысының салмағын лайықты арқалай алмағанын мойындайды. Отандық киноөндірістегі бұл сәтсіз қадамын тәжірбиесінің аздығы деп біледі.

Бүркіт, әнші, кинопродюсер:

– Шіркін, керемет болды-ау деп айта алмаймыз. Мен күткендей болған жоқ. Әрбір режиссер өзінің киносын керемет шықса екен ғой деп армандайды. Шу шығып, неше түрлі сөздер болып жатыр, неше түрлі пікірлер туып жатыр. Одан да жақсы болар деп ойлағанбыз.

Кинопродюсерлік білімін шыңдамай-ақ осы салаға келген Нұрлан Қоянбаевтың аяқ алысы бірден сәтті шықты. Дәл қазір отандық прокатта көш бастаған «Бизнес по казахски в Америке» картинасының табысты болуына, ол кәсіби команданың сапалы жұмысы әсер етті дейді.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

-Продюсерлікті еш жерде оқыған жоқпын, продюсерлік курстарды өттім Шиеліде. «Квн» болсын бәрі ұжыммен жасалатын жұмыстар. Сондықтан да, студент кезден үйреніп қалдық балдармен, жігіттермен бірге ақылдасып, жұмыс жасаймыз.

Дегенмен, Бүркіт шалыс бастым деп мүлдем киноөндірістен алыстап кетпек емес. Қателігінен сабақ алып, қайта іске кірісуге ниетті.

Бүркіт, әнші, кинопродюсер:

– Келесі киномызды одан да жақсартып, күлетін жерлерді де қосып, экшнді де қосып, жылайтын жерлерді де, махаббат та болуы керек. Образдарды ашығырақ жасасақ деген ойымыз бар.

Бүркіт, енді триллерден де қиын әрі күрделі атыс-шабыс, экшн жанрына таңдау түсірген. Түсіріліміне көктем шыға сала кірісуге бекініп отыр.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.