Ерлан Біләл 1,2 млн теңге төлеп, уақытша босап шықты

Жариялаған: , уақыты 16.01.2018 , 956 рет оқылды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл кепілге ақша қойып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының тергеу соты «Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМКК директоры Ерлан Біләлге қатысты кепілдікке ақша қою шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу органы Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық-қайырымдылық шығармашылық қорының басшысынан 900 000 теңге пара алды деп күдіктеніп отыр. Олар 23.12.2017 жылы және 07.01.2018 жылы аралығында бірге театралды қойылым ұйымдастыру туралы шартқа қол қоймақ болған», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот Ерлан Біләлге 1 млн 205 мың теңге кепілге қойып, бостандыққа шығуына рұқсат берген.

«Кепіл қою шарасы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіне қарасты тергеу тобы басшысының ұсынысымен қолданылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталды. Алайда оның әріптестері актердің мұндай қадамға барғанына сенбейді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.