Алуа Қонарова тағы да әже атанды!

Жариялаған: , уақыты 16.01.2018 , 1 034 рет оқылды

“RingoWorld” продакшндық жігіттер мен қыздардың анасы атанған Алуа Қонарова тағы да әже атанды. Бір аптада қанатындағы екі жобасының әншілері продюсерін сәбимен қуантты. Біріншісі, экс-Аюми тобының экс-солисті Айдана Мәлік ұлды болса, күні бүгін 10 жылдан астам тарихы бар RinGo тобының әншісі Аян Бірбаев нәрестелі болды. Аянның жары Айнұр Қожашева қыз босанды.

Бұл жайлы продюсердің өзі желідегі парақшасына жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұраған.

“Суреттегі екі мықты жігіттің отбасына тағы бір жан қосылды. Аяшка қызды, ал Адика қарындасты болды. Ура! Бауы берік болсын”, – деп құттықтады ол.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.