Атышулы Айдарқұлов тағы не бүлдіріп жүр?

Жариялаған: , уақыты 16.01.2018 , 4 648 рет оқылды

Алғашқыда 20 жастағы Ақботамен махаббат хикаясын бастан кешкен Айдарқұлов, 2018-ші жылы жаңа ғашығын таныстырды. Атышулы актер бұл жолы өзінен 16 жас үлкен келіншекпен көңіл жарастырып жүрген көрінеді… 

Бұл туралы “НТК” арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

«Класстастар!» Аталмыш фильмде басты рөлдердің бірін сомдайтын Айдарқұлов,  мектептен ұстаздарға ғашық оқушы болады. Романтикаға жаны жақын жігіт, жылдар жылжыса да бұл серілігінен еш арыла алмайды. Атышулы актердың картинадағы қалыңдығы – «Перекресток» телехикаясының жұлдызы Ирина Ажмұхамедова.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Сол себепті осы кинода мен өзімнің болашақ жұбайыммен таныстырамын. Ол кісі де менен үлкен, 15-16 жас үлкен сценарий бойынша. Өмірде де солай сияқты, Ирина деген актрисамыз.

Оқиға желісі 2000-жылы мектепті тәмәмдап, 18 жылдан кейін табысқан  түлектердің кездесуінен бастау алады. Картина продюсері Әсел Сәдуақасова –  осы ауылда мұғалім болып қызмет істейтін жас бикешті ойнайды. Сонымен қатар, шағын елді мекенде тойдың көркін қыздыратын асаба да, дәл осы сыныптан шыққан оқушы.

Марат Достаев, актер:

-Тамадамын ғой ауылда қалып кеткен, жалғыз тамада. Өзі 2-3 адам қалып кеткен ауылда, полиция қызметкері сосын мен.

Бұл сыныптағы оқушылардың барлығы сан түрлі мамандықты меңгерген. Мәселен, әнші Оchooou-ға ауыл тұрғындарының тәртібін қадағалайтын сақшының образы бұйырыпты.

Оcһоооu, актер, әнші:

-Негізгі арманым, мақсатым осы полиция қызметкері болу болатын. Бірақ, тағдырдың бұйырғаны бойынша өнерге кеттім. Сол себепті, арманымның бір ұшы осы кинода орындалды десем артық айтпаспын.

Қайрат Әділгерей керісінше мектепті тәмәмдаған сәттен-ақ, қалаға тайып тұрған түлектердің бірін сомдайды. Он сегіз жылдан кейін ауылға алғаш келген ол, бұл фильмде «күшік күйеудің» кейпінде екен.

Қайрат Әділгерей, актер:

-Менің достарым маған күліп айтады да, өзіңді ойнап жүр екенсің ғой деп. Отырысқа барған кезде кешігіп келемін.. Сол кезде айтады да, Бақыт жібермей қойды ма, әлде сұрандың ба деген сияқты өзара әзілдер ғой.

Ал, класстастардың қызықты хикаясын суреттейтін картина, осы жылы наурыз мейрамының қарсаңында қалың көпшілікке ұсынылмақ. 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.