Жаңа жылда ана атанған отандық жұлдыздар

Жариялаған: , уақыты 11.01.2018 , 1 921 рет оқылды

Жаңа 2018 жылдың бастамасы сүйінші жаңалықтармен басталды. Оның бірі,  “Қазақстан аруы-2011” байқауының жеңімпазы, бірнеше жыл бұрын Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Айнұр Төлеуованың екінші сәбиін дүниеге алып келуі. Жары Мұхаммед пен Айнұр енді бір ұлдың және бір қыздың ата-анасы.

Жыл басында танымал қобызшы, Қайрат Нұртастың бөле әпкесі Ақерке Тәжібаева да ана атанды. Тұңғышының есімін Айкөркем деп қойғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Ақеркенің продюсері әрі әпкесі Гүлзира Үсенқызы қуанышпен бөлісіп, қыздарының есім қою рәсімі бұйырғанын жазған болатын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.