- “Мейрамбектен күтпеп едім”: Отандық журналист Мейрамбек Бесбаевтан көңілі қалғанын айтты
- Сәукеле киіп, кеудесін ашқан Шырын Нарчаева ақыры соттан бір шықты (Видео)
- “Мейрамбек пен Сәкен маска киіп алған”: Белгілі бағдарламада қазылық еткен “Музарттың” әншілері сын садағына ілінді
- Raim мен Artur қазақ қыздарына үндеу жариялады
- Тамара Асарға стильін өзгертуге түрткі болған кім?
- Қазақтың “Келінжаны” трендке айналды
- Димаш тыңдармандарын “Валентин” күнімен құттықтады
- Түріктің ең сексуалды актерлері
- “Жыладым”: Мәдина Сәдуақасова купальникпен суретке түскені үшін күйеуінен сөз естіген
- Бүгін «The World’s Best» жобасының кезекті саны шығады. Димаш қандай ән салады?
Қайрат Түнтеков: Өмірімдегі ауыртпалықты халыққа кино арқылы жеткізгім келеді.

Танымал жұлдыздармен сахнаны бөлісу Қайрат Түнтековтың бала кезгі арманы болатын. Ол осы қалауына «Super Star» жобасы арқылы жетті. Телебағдарлама әншінің бағын ашты. Халыққа танымал етті.
Оның өнер саласында жүргеніне 14 жылдан асты. Бес жыл үзілестен кейін сахнаға қадам басқан орындаушы есімін елге қайта таныстырды. Бұл туралы “Қазақ радиосы” хабарлайды.
«Бұл жобаға қатысқан себебім, мен өнердегі орнымды көрсеткім келді. Халықтың сағынышын басқым келді. Ер жетттім. Үлкен өмірге қадам бастым. “Im A Singer Kazakhstan мега шоуында жеңіске жеткеннен кейін, қазіргі таңда шетелден ұсыныстар түсіп жатыр. Сондықтан, мүмкіндік болып жатса, басқа да халықаралық жобаларға қатысуым мүмкін. Немесе келісім шарт бойынша өнерімді жалғастыруым мүмкін. Жолым ашылып жатқан сияқты. Аллаға шүкір. Бұйыртса, 1-2 жылдың ішінде, өзімнің жеке өміріме қатысты фильм түсіру ойымда бар. Өмірімде ақ және қара жолда да жүріп өттім. Өмірімдегі осы ауыртпалықты кино арқылы халыққа жеткізсем» – дейді әнші Қайрат Түнтеков.
Өнерпаз үлкен сахнадан алыстағанымен, шығармашылығында тоқтау болған жоқ. Қайта өзін қайрады. Жігерін жаныды. Осылайша, өзінің композиторлық қырын дамытты.
Репертуарын өзі жазған шығармалармен толықтырған орындаушы жуырда бейнебаян түсірмек.
Айта кетейік, Қайрат Түнтеков «I’m A Singer Kazakhstan» жобасының жеңімпазы атанғанды. 3,5 млн. теңге жоба жүлдесі жеңіп алды.
Асем
13.01.2018 at 00:28
Онерин ороей берсин Кайрат алга