Меруерт Түсіпбаева: Баян мен Бағым маған қоқан лоқы көрсетуде. Сондықтан сотқа беруге мәжбүрмін

Жариялаған: , уақыты 08.01.2018 , 5 051 рет оқылды

Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева арасында дау дамай бітер емес. Белгілі әнші өзіне қоқан лоқы көрсеткен продюсерлерді сотқа бермек. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

“Мен көп уақыт бойы Бағым мен Баянның балағатына шыдап келдім. Енді маған қоқан лоқы көрсетуде. Сондықтан сотқа беруге мәжбүрмін”, – деп жазды әнші парақшасында.

“Достар, біз демократиялық қоғамда тұрып жатырмыз. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ретінде миллиондар қатарында өз пікірімді айттым. олай деуіме құқығым бар!! Ал  апалы-сіңлілер жауап ретінде маған тіл тигізіп, намысыма тиіп, жала жапты! Енді қоқан-лоққы жасап жатыр. Ескертемін! Барлық қоңыраулар, комментарийлер жазылып алынады. Сотта кездескенше!”, — деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Бірақ әнші жазбасын артынша өшіріп тастады. Кейіннен желі қолданушылар тарапынан жазылған пікірлерді жариялады.

“Біздің елімізде сериал жайлы пікір айту да қауіпті”, – деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, әнші бұған дейін Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынаған болатын. Ол Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.