Асхат Маемиров: Ерлан Біләл жаны да, ары да таза азамат!

Жариялаған: , уақыты 07.01.2018 , 3 129 рет оқылды

Алматыдағы Әуезов театрының директоры, танымал актер Ерлан Біләл бір жарым миллион теңге пара алу үстінде ұсталды деген ақпарат тарап, желі қолданушыларын шулатқан болатын. Көрермендерін таңқалдырған бұл оқиғаға қатысты, сын тағып жатса, Ерланды қорғап: “Жала жабылған болар. Біреудің орына түсті-ау”- деп қорғаштап жатты. Оның бірі, “Қазақконцерт” өнер бірлестігінің бас директоры Асхат Маемиров әріптесін қорғап, адал екенін айтты.

“Ерлан Біләл – белгілі театр және кино актері, өнерімен, өзінің азаматтық тұлғасымен саңлақ ағаларымыз бен апаларымызды тамсандырып, замандастары мен достарын, іні-қарындастарын мойындатқан, театрдың аналарының ақ батасын алған жаны да, ары да таза азамат! Саxна мен экранның сәні болған Ерланның сымбаты мен үніне, сомдаған бейнелеріне ұлты ұйыды, елі елтіді, көрермені тебіренді. Қандай бейнелер еді?! Сырым, Кебек, Қозы, Әлібек, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Хакім Абай, Мұқағали, Шәмші – бұлардың барлығы Ерлан Біләлдің тек актер емес, адами маxаббаты мен жанының бір бөлшегіне айналып кетті. Олай болатын жөні де бар. Әженің әлдиін тыңдап өскен, Әкенің тағылымын бойына сіңірген, Ананың ақ сүтін емген адал ұл – Ерланның өзегі мықты, тамыры текті.

Тәуелсіз Қазақстанның актерлік өнерінде құбылыс іспеттес Ерлан Біләл жиырма алты жылдың ішінде өзінің шығармашылығымен, сомдаған xалықтық кейіпкерлерімен – Ұлттық Руxтың xрестоматиясын жазысты. Өмірлік серігі Майгүл екеуі ұлықты ұлдар мен қылықты қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының иесі. Немере сүйіп отырған ардақты Ата. Біләловтер отбасында керемет үйлесім бар. Оны достары ретінде өз көзімізбен көріп, куә болып та жүрміз. Азаматтың басына сын сағат түскенде табаламаған, даттамаған, күстәналамаған xалықтың перзенті едік. Ерланның абыройы – өнерде жүрген замандас, құрдас, дос-бауыр бәріміздің абыройымыз! Абыройымызға асығыс пікір айтып, лас жақпайық дегім келеді. Ұйып отырған ұжымын шулатып, шаңырағын жылатып “Мігіттің” ісін жасаған кісінің кім екенін білмеймін! Танығым да келмейді!

  Ерланды орға жыққысы келген пенденің де Алладан алатын жазасы бар! Азаматты аяғынан шалу – ұлтты өсірмейді! Өмір де ешкімге жамандық ойламайтын Ерланды дәл қазіргі сәтте жігерлендіргім келеді. Басыңа бұлт үйірілген осы сәтте, Сені қорғамасақ – біздің кім болғанымыз! Жер басып жүрген пенделер – Адам тағдыры ойыншыққа айналмауы тиіс! Табалайтын да табылар, күлетіндер де табылар! Біреуге жамандық тілеу – жақсылыққа апармайды! Ертең алдынан не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Тек өнер әлемінде ғана емес, біздің қазақ қоғамында мейірім мен адами маxаббат салтанат құрса екен, ылайым! Мейірімді болайықшы, Бәріміз! Ерлан – Қазақтың Асыл Азаматы!!!”- деген ол желідегі парақшасына.

Ерлан Біләл – белгілі театр және кино актері, өнерімен, өзінің азаматтық тұлғасымен саңлақ ағаларымыз бен апаларымызды тамсандырып, замандастары мен достарын, іні-қарындастарын мойындатқан, театрдың Аналарының ақ батасын алған жаны да, ары да таза азамат! Саxна мен экранның сәні болған Ерланның сымбаты мен үніне, сомдаған бейнелеріне ұлты ұйыды, елі елтіді, көрермені тебіренді. Қандай бейнелер еді?! Сырым, Кебек, Қозы, Әлібек, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Хакім Абай, Мұқағали, Шәмші – бұлардың барлығы Ерлан Біләлдің тек актер емес, адами маxаббаты мен жанының бір бөлшегіне айналып кетті. Олай болатын жөні де бар. Әженің әлдиін тыңдап өскен, Әкенің тағылымын бойына сіңірген, Ананың ақ сүтін емген адал ұл – Ерланның өзегі мықты, тамыры текті. Тәуелсіз Қазақстанның актерлік өнерінде құбылыс іспеттес Ерлан Біләл жиырма алты жылдың ішінде өзінің шығармашылығымен, сомдаған xалықтық кейіпкерлерімен – Ұлттық Руxтың xрестоматиясын жазысты. Өмірлік серігі Майгүл екеуі ұлықты ұлдар мен қылықты қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының иесі. Немере сүйіп отырған ардақты Ата. Біләловтер отбасында керемет үйлесім бар. Оны достары ретінде өз көзімізбен көріп, куә болып та жүрміз. Азаматтың басына сын сағат түскенде табаламаған, даттамаған, күстәналамаған xалықтың перзенті едік. Ерланның абыройы – өнерде жүрген замандас, құрдас, дос-бауыр бәріміздің абыройымыз! Абыройымызға асығыс пікір айтып, лас жақпайық дегім келеді. Ұйып отырған ұжымын шулатып, шаңырағын жылатып "Мігіттің" ісін жасаған кісінің кім екенін білмеймін! Танығым да келмейді! Ерланды орға жыққысы келген пенденің де Алладан алатын жазасы бар! Азаматты аяғынан шалу – ұлтты өсірмейді! Өмір де ешкімге жамандық ойламайтын Ерланды дәл қазіргі сәтте жігерлендіргім келеді. Басыңа бұлт үйірілген осы сәтте, Сені қорғамасақ – біздің кім болғанымыз! Жер басып жүрген пенделер – Адам тағдыры ойыншыққа айналмауы тиіс! Табалайтын да табылар, күлетіндер де табылар! Біреуге жамандық тілеу – жақсылыққа апармайды! Ертең алдынан не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Тек өнер әлемінде ғана емес, біздің қазақ қоғамында мейірім мен адами маxаббат салтанат құрса екен, ылайым! Мейірімді болайықшы, Бәріміз! Ерлан – Қазақтың Асыл Азаматы!!!

A post shared by Askhat Mayemirov (@askhatmaemirov) on

3 пікір

  1. Қолқоюсыз

    07.01.2018 at 13:49

    Пара бергендерди неге устамайды осы? Кандай азаматтарды кор кылып.ОЙСТИП ЖАЛА ЖАПКАНДАРДЫ АЛЛА ЖАЗАЛАЙДЫ!

  2. Қолқоюсыз

    07.01.2018 at 14:41

    Бәлкім, ақталып шығар… Ақталатынын білген соң әдейі мойындап отырған болар

  3. Малика

    08.01.2018 at 20:57

    Бир Алла биледи

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.