Әуезов театрының директоры 1,5 млн теңге парамен ұсталды

Жариялаған: , уақыты 05.01.2018 , 3 705 рет оқылды

Алматыдағы Әуезов театрының директоры, танымал актер Ерлан Біләл бір жарым миллион теңге пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңа жыл қарсаңында қомақты қаржыны жымқыру кезінде қолға түскен.

«Алматыдағы М.Әуезов театрының ішінде жеке меншік компанияның балаларға арналған Жаңа жылдық қойылымын өткізу үшін мекеме аумағын жалға беру үшін заңды тұлғадан пара алу кезінде ұсталды.

Директор толықтай кінәсын мойындағаны үшін қамауға алынбады. Қазір сот алды тергеу ісі жүргізілуде», – деп хабарлады жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының арнайы өкілі Нұрлан Жахин

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.

Ерлан Біләл Мұхтар Әуезов театрының басшысы болып 2015 жылдың 27 сәуірінде тағайындалған еді. Еңбек жолын театр сахнасынан бастаған өнер адамы «Құрмет» және «Намыс» ордендерінің иегері.

4 пікір

  1. Қолқоюсыз

    05.01.2018 at 20:32

    Позор!!! Жастарга кандай улги!!!!! Мен буны приличный адамнын бири деп ойлайтынмын окиништи

  2. Айка

    05.01.2018 at 22:50

    Уятай айтарга соз жок,бул киси осындай жагдайга барса,баскаларга соз жок

  3. Авдол Мариям

    06.01.2018 at 00:13

    Өкінішті. Осыларды да өнер адамы дейдау! Өнерін көрсетіп қалған екен ағамыз! басқа басқа дәл Ерлан Біләлдан қазақ елі мұндай сұмдықты күтпеген еді.

  4. Алуа

    12.01.2018 at 14:49

    Пазор неткен сумдык акшадан олген. Атын шыкпаса жер орте дейди гой. Атын шыгаргысы келген гой. Уят болды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.