“Қалаулым” жобасының қатысушысы бағдарламаның бар былығын ашып берді

Жариялаған: , уақыты 04.01.2018 , 13 540 рет оқылды

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының Әйгерім Нұркеева есімді қатысушысы жобаның бар “былығын” елге жайып салды. Ол аталған бағдарламаны ұйымдастырушылардың қолдан жасап отырған “шоуы” деп атап, оларды сотқа бермек ниетте екенін айтты. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

“Оларға шоу керек болды, сондықтан шоу жасады”, – деген ол ұйымдастырушылардың өзін пайдаланып кеткенін ашық айтты.

“Бәрінің де арты таза емес ол жақта отырғандардың”, – деді ашынған Әйгерім.

“Бәріне ақша төлейді. Онда отырған адамдардың барлығы тек қана пиарщиктер. Олар бір бір мекемеге барып, тегін тамақ ішіп, сол жерді жарнамалап жүрген адамдар ғой. Оның бәрі өтірік. Талғаттың өзі бүкіл шындықты айтқысы келген.

Бірақ оны тікелей эфирге қосқан жоқ. Қаншама халық хабарласты. Бірақ оның барлығын тікелей эфирге шығармады. Себебі оларды қосса, өтіріктері шығып қалады. Ешқандай ешкім үйленбейді ол жобада. Үйленсе осы алты айдың ішінде үйленер еді ғой”, – деді ол.

Әйгерімнің сөзіне сенсек, бағдарлама қатысушыларының барлығына ақша төленеді. Тіпті олардың жүріс-тұрысы мен киімдеріне дейін төленеді, дейді ол.

“Мен соңына дейін барамын, мен түбіне жетемін олардың. Мен сотқа берем “Қалаулымды”. Мен бұл тікелей эфирге дайындалдым”, – деді ол.

3 пікір

  1. Нур

    05.01.2018 at 23:38

    Ия ол шын катысушылар кунине 5000тенге алады бирак айлык етип толейди. Корермендер 2500 тенге. Багдарламанын озинин а ты айтып тур го Калаулым ШОУ деп. Танкаларлык нарсе емес. Катымушыларга умиткерлерди оздери шакырды жобанын басында.

  2. Айя

    08.01.2018 at 22:47

    Шыныменде өтірікпе?Сейсенбек мырза да өтірік үйлендіме сонда?

  3. CLAY

    11.01.2018 at 15:03

    Айгерім косылам саған, айтып отканыннын барлығы рас әңгіме. Қазақ десең өзіңе тиеді, сорлы актерлар олар.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.