“Рэкетир-2” фильмінің актері Дастен Шәкіров үйленді

Жариялаған: , уақыты 20.06.2015 , 6 440 рет оқылды

“Рэкитер-2” фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров отбасын құрды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дастеннің өнердегі әріптесі Әсел Сағатова Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап: “Актерлер тобы Дастеннің тойындамыз. Жас отбасыға бақыт тілейміз!”, – деп жазды. Тойға Асылхан Төлепов, Жандос Айбасов сияқты белгілі актерлер қатысты. Дастеннің қалыңдығының есімі – Ботагөз. Ол бір апта бұрын ұзатылды.

photo_17837

Айта кетейік, Дастен Шәкіров көрерменге “Жаным” телесериалы арқылы танымал болды. Ол 2015 жылдың мамыр айында көрсетіле бастаған “Рэкитер-2” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Актердің айтуынша, фильмдегі образы үшін ол 12 келі салмақ тастаған.

Ақпарат Tengrinews.kz сайтынан алынды!