Отандық әншілердің күнделікті тіршілігі туралы телехикая түсірілуде

Жариялаған: , уақыты 31.12.2017 , 3 789 рет оқылды

«Хабар» телеарнасы эстрада жұлдыздарының қатысуымен телехикая түсіріп жатыр. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

«Өз үйім» деп аталатын жаңа жобада қазақ музыка өнерінің майталмандары Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, сондай-ақ Жанболат пен Жәзира, Бүркіт пен Аиша және Арман Қоңыров пен Аша Матай басты рөлдерді сомдайды.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Оқиға желісі бойынша үлкен шаңырақ астында үш ұлы, келіндерімен отбасы өмір сүреді.

Үйдің иесі қатал әке. Бұрын әскери адам болған. Әр сөзі қатып қалған заң, міндетті түрде орындалуы керек.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Үш ұлдың лауазымды қызметі бар, әрқайсы өр мінезді, айтқандарынан қайтпай қалған, бірақ әкелерінің алдында жуас, момақан болып қалады.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Ал, келіндердің үлкендері бейбіт өмір сүріп жүргенде, кіші ұлдың келіншегі қалыптасқан ережелерге бағынғысы келмей, қыңыр мінез танытып жүреді.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Әкенің рөлін Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Қанат Құдайбергенов сомдайды.

Оның айтуынша кәсіби актер болмағандықтан арасында қиындықтар да болады екен.

«Сценарийдегі кейбір сөздердің орнын ауыстыруға тура келеді. Бізде таза актерлік тәжірибе болмағаннан кейін, кейбір көріністер жылдам түседі, кейбірін бірнеше дубльмен түсіріп жатамыз», – дейді Қанат Құдайбергенов.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Режиссердің айтуынша әншілердің қатысуымен телехикая түсіру идеясы бұрыннан болған.

«Жалпы көрерменге жұлдыздардың жеке өмірі қашанда қызық қой. Сол себепті олардың қалауын ескеріп шоу бизнес өкілдерінің күнделікті тіршілігін көрсетуді жөн көрдік», – дейді Әнуар Матжанов.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Сценарийді алғаш жазған кезде авторлар киноға қай жұлдызды жұптарды шақыратындығын нақты біліп, мәтінін соларға арнайы жазған.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Яғни, Қанат Құдайбергенов қатал әке болса, Айткүл Құдайбергенованы От-анасы, шаңырақтың тұтқасы кейіпінде көрсетуді мақсат еткен.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Үш ұлы мен келіндерді ойнайтын адамдар да еш іріктеусіз басынан-ақ анық болған.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде
Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде
Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Отбасының үлкенін Жанболат пен Жазира, ортаншы Бүркіт пен Аиша, ал кішісін Арман Қоңыров пен Аша Матай ойнайды.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Режиссер Әнуар Матжанов: «Әншілердің уақыттары тығыз, съемкалары көп, актерлық мамандыққа қатысы жоқ болғандықтан, басында кішкене қиналдық. Дегенмен қазір олар өз образдарына еніп, жақсара түсті. Қызықты сәттер өте көп, кейбір тұстарында өздері импровизация жасап кетеді. Сондықтан қойылған міндеттерін жоғары деңгейде орындауда», – дейді.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Сонымен қатар киноға Абай Бегей, Рамазан Стамғазиев, Заир Бегалы, Медеу Арынбаев, Әділ Сламхан, Ақжол Мейірбеков сынды шоу бизнес өкілдері де шақырылған.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Бұл жанұяда сан алуан оқиғалар болады. Бірақ, татулық пен бірлік, достық пен ынтымақ үйдің беріктігін ұстап тұрған басты қасиеттер.

Эстрада жұлдыздарының күнделікті тіршілігі туралы сериал түсірілуде

Дереккөз: Nur.kz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.