Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясы эфирден алынып тасталды

Жариялаған: , уақыты 30.12.2017 , 12 783 рет оқылды

Бұл туралы Жолымбек Мәкіш есімді желі қолданушысы хабарлады.

Достар, «Қазақстан» арнасындағы Баян түсірген «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» фильмі енді қайтып эфирге шықпайтын болды. Осы жаңа ғана оны маған Ерлан Қариннің өзі хабарлап айтты. Ерланға да, бәріңізге де рақмет!“, – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Еске салсақ, бірнеше күн бойы аталған телехикаяның сценариі мен көркемдік мазмұнына көңілі толмаған бір топ журналист пен қоғам белсенділері “Қазақстан” ұлттық телеарнасының басшысы Ерлан Қаринге ашық хат жолдап, оның эфирден алып тастауын талап еткен болатын.

Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры да – халқымыздың інжу-маржаны, жауһар қазынасының қатарына жатады. Енді мына сериалдағы кейіпкерлердің аузына салған сөздерді естігенде еңсең түскендей. Қыз басымен әкесінің бетінен алып, төсіне шапқан тасыр мінезді Баян: «Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» деп, түйеден түскендей дүңк еткізеді. Әкесінің де оңып тұрғаны шамалы. «Байға беремін, бетімен кеткен қызыңды байы жөндесін, ұрын келсін!» деп айтатын жері тағы бар.

Қыз әкесінің аузына мұндай сөз салу сценарий жазған адамның «ұрын» дәстүрін білмейтіндігінен. Ұрын баруға қыз әкесінің тікелей қатысуы ұят саналады, демек сценаристің ұлттық салт-дәстүр жайлы білімі тайыз, дүбәра деген сөз. Баянның аузына «Қодарға тимеймін, əке-шешемнің өзі тиіп алсын» деген сөз салыпты. Тапа- тал түсте ұрын келген Қодардың қыз əкесімен едіреңдеп сөйлесуін, одан қыз отауына баса көктеп кіріп келуін қай ғұрыпқа жатқызуға болады? Мынау да сол Баян жайлы сериалдан үзінді: «Бағымыз ба – сорымыз ба, әйтеуір бізді еркектер билейді. Өміріміз солардың қолында».

Ол заманның қыздарында «еркек билейді» деген түсінік болмаған. Ол дәуірдің әйелдері еркекті пір тұтқан. Бүгінгі қыздарымыздың санасына мұндай көргенсіз ұғымды сіңіріп абырой табу қиын. Немесе мына бір тұсқа назар аударыңыз: «Құшағына өзі келіп құлаған қыздан бас тартатын қандай жігітсің?». Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзі… «Сен бақытты болуға тиістісің» дейді, Баянды шығарып салып тұрып анасы. О заман да бұ заман, қазақ анасы кетіп бара жатқан қызына бұлай сөйлемеген, «Бір Аллаға тапсырдым», «Жаратқан Ием жар болсын», «Барған жеріңде бағың ашылсын» деген. Ал мынау барған жерін бақытты ететін емес, барған жеріне бақыт іздеп баратын, тәрбиесі кеміс ананың айтатын сөзі”, – деп сынға алды журналист Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, аз уақыттың ішінде бұл ашық хатқа 151 адам қол қойған.

Дереккөз: NUR.KZ.

12 пікір

  1. Гаухар Мукатаева

    31.12.2017 at 00:21

    Пазор.

    • Авдол Мариям

      31.12.2017 at 00:33

      Дұрыс болған. Тарихтан, ұлттық құндылықтан хабары жоқ адам тарихи киномен әуес болмағаны жөн еді. Ұлт қазнасы дүбаралардың ойыншығы емес!

  2. Нургуль

    31.12.2017 at 01:32

    Шынында,маған да ұнамады.Сөйлеген сөздері осы заманда айтылып қолданыста жүрген сөздер.Сюжет өте төмен дәрежеде,шиеленісу атымен жоқ.Сонша серия қылмай ,”Қыз Жібек ” сияқты екі сериялы тамаша “Алтын қорда”қалатындай туынды болғанда ғой ,шіркін.

  3. Жанар

    31.12.2017 at 02:26

    Кино шығады деген жақсы бір туындыны көретін болдым,кітабын оқымаппын ұятай еңболмаса киносын көрейін деген қуаныш болды,бірақ бір сериясын көргеннен соң онда да соңына дейін қарауға ұялдым,себебі Ақ сүйек қазақтың ұлттық ойынын дəріптеудің орнына қыздың таса жерге Қозыны апарып сүйгісі келгені қытығыма тиді,соншалықты сериалдың құнсыздығын осы жерден көруге болады,одан əрі қарауға дəтім бармады,тв.дан алыптастағандары жақсы болған қолдаймын!

  4. Салима

    31.12.2017 at 07:42

    Иə, мен де қос қолдап қолдаймын.Ұлттық дəстүрді бұрмалайтын мұндай кино, фильм, телехикаялар керек емес.

  5. Қолқоюсыз

    31.12.2017 at 11:54

    Бир айтатыным, сериал маган катты унады!!!! Оте асерли тусирилген

  6. Ажар

    31.12.2017 at 14:18

    Енди Торегалидин концерттерин алып тастаса нур устине нур болар еки…

  7. Айтбай Жадыра

    31.12.2017 at 15:22

    Бұл киноға менің көңілім толмады. Сөздерінің өзі дөрекі.Алып тастағаны дұрыс бопты.

  8. Sabina

    01.01.2018 at 11:58

    Ал маған ұнады.Актерлері.
    Ал сөздері дөрекі болды

  9. Арука

    01.01.2018 at 12:32

    Маган унады! оган каншама енбек кетты ол былай карап отсан жанартылган кезигой себеби казирги заманнын адамдары осылай сойлеседи дореки болса болган шыгар брак карайган енбектери шашылып калды маган озиме унады неде болса..)меним ойымша алып тастагандарыныз дурыс болмады!!!!

  10. Кенжебану

    01.01.2018 at 16:19

    Мен Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың мазарын өз көзіммен көргем. Таңсық деген ауылдың маңында. Ол жерде сериалдағыдай құлпырып жайнап тұрған табиғат жоқ. Екіншіден, актерлер тартымсыз ойнайды, сөйлегер сөздері өте дөрекі. Тарихи дерекке сай емес,сезім, шынайы ынтығу деген мүлдем жоқ. Түсірілім тобы ең болмаса Қыз Жібек фильмін бір көріп шығуы керек еді. Үлгі ретінде.
    Қысқасы,зая кеткен еңбек пен уақыт.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.