fbpx

Қазақ киносы Төлегенінен айрылды. Құман Тастанбеков қайтыс болды.

Жариялаған: , уақыты 17.12.2017 , 873 рет оқылды

Актер, Қазақстанның халық артисі, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері, Қазақтың Төлегені, актер Құман Тастанбеков 72 жасында өмірден өтті.  Қаралы хабарды белгілі режиссер Асхат Маемиров өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

“Беу, дүние-ай… “Қазақтың Төлегені” – Құман Тастанбеков ағамыз бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Құман аға шын мәніндегі xалықтың ұлы, Алаштың айтулы азаматы еді. Сондықтан xалыққа қайғырып көңіл айтамыз. Ақ боз ат мінген, ақ сөйлеп, адал күлетін, ақиық Ағаның жүрегі тоқтады. Фильмде Қызжібек ” Иең қайда, ақ боз ат” деп егілетін. Өмірде де ақ боз ат иесіз қалды. Мықты болыңыз, Меруерт апа!!! Көкірегіміз шерге толып отыр. Алайда Жаратқанның бұйрығына, жазмыштың ісіне не шара бар?! Қош бол, иманың жолдас болғай Құман аға!!!” – деп жазады режиссер.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.