Головкин мен Альварес жекпе-жек жайлы келісімге келді. Кезекті кездесу қайда өтпек?

Жариялаған: , уақыты 10.12.2017 , 945 рет оқылды

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің командасы, кезекті жекпе-жектің өтетін уақытын мақұлдады. Fox Deportes басылымының хабарлауынша «GGG мен Канело» келер жылдың 5-ші мамырында айқасады. Бұл күн Мексиканың ұлттық мерекесі – Синко де Майомен тұспа-тұс келмек.

Қазір «Канелоның» командасының келісімшартқа қол қойылуы күтілуде. Бұл бокс кеші Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі Madison Square Garden, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешендердің бірінде өтуі мүмкін.

Естеріңізде болса, тұңғыш рет 16 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтастқан боксшылар тең түскен еді. Бұл кездесуде Головкин 25 млн, Альварес 35 млн доллар тапқан болатын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.