“Жыл таңдауына” қатыспаған Төреғали байқау жайлы шындығын жайды

Жариялаған: , уақыты 09.12.2017 , 7 303 рет оқылды

Танымал әнші, нағыз хитмен Төреғали Төреәлі күні кеше Оңтүстіктің астанасы – Алматы төрінде дүркіреп өткен “Жыл таңдауы-2017”  музыка байқауына қатысудан бас тартқанынан бөлек, байқаудың әділ өтпегенін айтып, өзінің ренішін өлеңмен жеткізді. Әнші «Жыл таңдауы-2017» байқауына қатысатындар қатарында 91 тобы болғандықтан, қатысудан бас тартқан.

Жұлдеге қатыспаған Төреғали жүлдеге қол жеткізе алмаған ақын Дидар Қамиевке өлең жолдарын арнаған. Ол “Жыл таңдауы 2017” байқауында айтыскер ақын, 30-дан аса темір тұлпарды иемденіп жүрген Айнұр Тұрсынбаевамен таласқа түскен. Нәтижесінде жүлдеге Айнұр Тұрсынбаева ие болған байқауға өзінің желідегі парақшасына, 2 миллионнан астам оқырманы бар аудиторияға табыстау рәсімінен үзінді жариялап, наразылық танытқан Төреғали мынадай өлең арнады:

“Бәйгені бермей жүйрік-тұлпарларға,

Жүлдені бермей қыран-сұңқарларға.

Кешегі кешті жасап жүргендердің

Қулығымен болады түлкі алдауға.

Дидарым сен xалықтың таңдауысың

Басқаларын білмеймін кім таңдауда?

Асылым-ау, ғасырдың таңдауы ең ғой

Жылтыңдап нәғіп жүрсің жыл таңдауда?!”, – деп жазды ол.

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

 

3 пікір

  1. Берик

    10.12.2017 at 06:30

    Кырти береди екен осы балада. Ози катыспады ма котти кысу керек гой.

  2. Асем

    10.12.2017 at 07:21

    91 тобы ТТТ соншалықты не істеп қойды? Олар үшін қатыспайтындай? Өзінің түсінігінің төмен екен көрсетіп қойды. Ол концертте жартысынан көбі жастар болды және сол жастардың бәрі 91 тобы үшін келді.

    • Жұлдыз

      11.12.2017 at 22:35

      Ия келісемін. Алланың алдында бәріміз бірдейміз ғой

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.