Тұрсынғали Алагөзов: Үйленуге тура келді

Жариялаған: , уақыты 08.12.2017 , 4 595 рет оқылды

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов пен танымал продюсер Баян Есентаева ресми түрде некелерін қиды. Баян Мақсатқызының желідегі жазбасын “жаңа” жары Тұрсынғали растады. Өткен жылдың көктемінде басталған махаббат хикаялары бүгін заңды түрде некелерін қиып, неке куәлігін алумен жалғасты. “Үйленуге тура келді”, – деген жазбамен Алагөзов өз парақшасына неке куәлігін салды.

Еске сала кетейік, Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтан зорлық-зомбылық көрген соң ажырасып кетті. Ал 48 жастағы Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсирамен ажырасып,  43 жастағы Баянмен көңіл қосты. Екеуінің де алғашқы некелерінен екі балалары бар. Бұған дейін бұл жұп үйленулеріне Алагөзовтың  бұрыңғы әйелі кедергі болып тұрғанын жазған еді.

Баянның қос қызы болса, Тұрсынғали өзіне ренжулі бір ұл мен қыздың әкесі. Ал Баян Мақсатқызын соққыға жыққан Бақытбек Есентаев  өткен жылдың  қараша айында Мақсатқызына күш көрсетіп, пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға сотталып кетті. Баян осы оқиғадан кейін ажырасып, қыз күніндегі тегін қайта алған еді. Ол соттан күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Құзырлы орган оның жасаған қылмысын аса ауыр деп таныған болатын. Ұлы мен келінінің шаңырақ көтергеніне Тұрсынғалидің әкесі, белгілі дирижер Тұрым Алагөзов куәлік еткен.

 

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.