Айқын “Жыл таңдауы” жүлдесін табыстау кезінде ауыр жарақат ала жаздады

Жариялаған: , уақыты 08.12.2017 , 3 216 рет оқылды

Белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Айқын Төлепберген “Жыл таңдауы 2017” музыкалық жүлдесін табыстау салтанатында басынан ауыр жарақат ала жаздады. Ол жайлы әншінің өзі инстаграмдагы парақшасында жазды. Оқиғаға ерекше кешті көруге келген қонақтар да куә болды.

Тағы бір екі секундта басымнан жарақат алар едім. “Жыл таңдауы-2017″ жүлдесін алып жатқанда басыма түскен жүлдені байқамаппын. Барша дауыс берген көрермендеріме мың алғыс”, – деді әнші.

Санаулы секундтар қалғанда әнші басын көрермендердің бірі аман алып қалды. Ол оның үстінен алып мүсіннің түсіп келе жатқанын ескертіп үлгерді.

 

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.