Қарақат EVENT орталығын ашты

Жариялаған: , уақыты 01.12.2017 , 1 532 рет оқылды

“Қарақат мектеп-студиясының” негізін қалаушысы, белгілі әнші, көп балалы ана, талай қыздың бағын ашып ұзатқан, талай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, алғашқы тәй-тәйінің куәсі болған Қарақат Әбілдина EVENT орталығын ашты.

Бұл жайлы әншінің өзі желідегі парақшасында: Ардақты ағайын! Бүгінгі күннің басты жаңалығы Қарақат мектеп-студиясының жанынан, “Қарақат event орталығы” ашылып,соның бастамасын бүгінгі тұсау кесермен бастадық.. Негізі осы іс шараны жасауға ұйытқы болған өздеріңіз… Қарақат тұсауын кескен құлыншақ xэштегін ашсаңыздар қаншама нәрестенің тұсауын кесіп жатқанымды көресіздер және сәбилердің саны күн санап өсіп келеді.. Осы 2 айдың ішінде 100-ден аса бала тұсау кесерге тапсырыс берген екен… Көрінген жерге ақ матаны төсей салып кескенше,осындай мағынасы бар дәстүрді үлкен мерекеге айналдырып тойлатқанды жөн көрдік.. Әппәқ ниетті періштелеріме естелік болсын деген ниетпен жасаған тойымыз өте жақсы өтті…Сонымен бүгін 25 сәбидің тұсауы кесілді.. Алла жолын ақ қылсын балапандардың..! Тойларыңыз көп болсын..! – деп жазған.

 

 

 

Бір пікір

  1. Аида

    10.08.2018 at 18:47

    Қызымның тұсауын кестіргім келеді

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.