Белгілі әнші Индира Расылхан өзінің өмірі туралы кино түсіріп жатыр

Жариялаған: , уақыты 26.11.2017 , 916 рет оқылды

Танымал әнші, көп балалы ана –  Индира Расылхан өзге әріптестері секілді енді кино түсіруге көшті. Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

Сценариі толықтай жазылып біткен кино жазда жарыққа шықпақ. Индираның айтуынша, кино толығымен оның жеке өміріне арналмақ.

Киноның өзін қай жағынан шығарсам екен, қай жағынан көрсетсем екен деп ойлап жүрдім. Осы тұста қыздарымның бой жетіп қалғанын түсіндім. Бүкіл ой, идея, қандай болу керек дегеннің барлығын екі қызым айтып отырды. Олар сценариін жазып бітірді. Сол сценарий бойынша бұйырса жазда шығарамыз деген ойдамыз”, – деді Индира Расылхан.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.