Өткенге саяхат: Мексикандық фильмдер естеріңізде ме?

Жариялаған: , уақыты 20.11.2017 , 1 299 рет оқылды

Қазіргі таңда қазақ телевизиясында отандық, түрік және үнді телехикаялары жиі көрсетіледі. Елімізде 90-шы және 2000-шы жылдар аралығында отандық арналардан мексикандық сериалдар көрсетіліп, қазіргі тілмен айтқанда “хитке” айналған еді. Сол сериалдарды бірге еске түсіріп көрейік, сол кездегі актерлер естеріңізде ме? Мексиканың танымал актерлері қазір қайда? Немен айналысып жүр? Осы сұрақтарға барынша жауап беруге тырысамыз.

Никто, кроме тебя

Фото: Deti.mail.ru

 Бұл сериалды сіз көрмесеңіз де, ата-аналарыңыздың көргеніне сенімдіміз. Телехикая 1985 жылы жарыққа шыққан болатын, біздің елде 90-шы жылдардың басында көрсетілген болатын.

Телехикаяда Ракель Саманьего де Ломбардо рөлін сомдаған Лусия Мендес танымал актриса, тележүргізуші әрі әнші. Актриса екі рет тұрмысқа шығып, ажырасқан. Қазіргі таңда ұл тәрбиелеп отырған ана, Лусия әлі күнге дейін Мексикада танымал актриса әрі әнші.

Фото: 24smi.org

Ал Антонио Ломбардо рөлінде ойнаған Андрес Гарсия 76 жастағы актер әрі кинопродюсер.

Фото: 24smi.org

Испания, Мексика, АҚШ, Италия елдерінің фильмдері мен сериалдарында өз рөлін сәтті ойнап жүрген актер. Актердің 16 баласы бар, 16 баланың ішінен үш баласы әкесінің жолын қуып, кино әлемінде бақтарын сынап жүр.

Байларда жылайды

 

Фото: Youtube.com

1979-80 жылдары жарыққа шыққан сериал әлемнің бірнеше елдерінде көрсетілген болатын. Бұл сериал ең ұзақ телехикаялардың бірі, сериал 248 бөлімнен тұрады.

Сериалда басты рөлдің бірін, яғни Марианна Вильяреаль де Сальватьерра рөлінде ойнаған Вероника Кастро осы сериалдан кейін мегажұлдызға айналды, дегенмен актриса тұрмысқа шықпады. 65 жастағы Верониканың екі ұлы бар.

Фото: my-fine.com

Телехикаяда Луис Альберто Сальватьерра рөлінде ойнаған Рахелио Герра қазір 81 жаста.

Фото: my-fine.com

Қанша жаста болса да актер әлі де кино әлемде жұмыс жасап келеді.

Просто Мария

Фото: Twitter.com

1989 жылы жарыққа шыққан мексикандық сериал. Телехикая АҚШ, Қазақстан, Ресей секілді елдерде көрсетілді.

Бұл телехикаяда басты рөлді сомдаған 55 жастағы Виктория Руффо Мексикада әлі күнге дейін танымал. Актрисаның Хосе, Виктория және Ануар есімді 3 баласы бар.

Фото: 24smi.org

Әйгілі сериалда Хуан Карлос дель Вильяра рөлін сомдаған Мануэль Саваль 2009 жылы 53 жасқа толып, келесі күні өмірден өткен.

Фото: goodhouse.ru

Актер 30-ға жуық сериалдар мен фильмдерге түсіп үлгерген.

Дикая роза

Фото: filmaffinity.com

Қазақ көрермендерінің көңілінен шыққан мексикандық сериалдардың бірі ол – “Дикая роза” телехикаясы.

Розаның рөлін сомдаған Вероника  Кастро, ол “Байларда жылайды” сериалында да басты рөлді сомдаған болатын, ол туралы айтып кетен болатынбыз.

Фото: 300experts.ru

Сериалда Рикардоның рөлін сомдаған Гильермо Капетильоның жасы қазір 59-да, актер Вероникамен бірге Байларда жылайды” сериалында ойнаған болатын. Бұл актер туралы мәлімет өте аз, актер әлі күнге дейін кино әлемінде өз рөлдерін сомдап жүр.

Бір пікір

  1. Қолқоюсыз

    29.11.2017 at 16:48

    Я люблю его мама деген сериал болдыго сол кайда

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.