- Сәукеле киіп, кеудесін ашқан Шырын Нарчаева ақыры соттан бір шықты (Видео)
- “Мейрамбек пен Сәкен маска киіп алған”: Белгілі бағдарламада қазылық еткен “Музарттың” әншілері сын садағына ілінді
- Raim мен Artur қазақ қыздарына үндеу жариялады
- Тамара Асарға стильін өзгертуге түрткі болған кім?
- Қазақтың “Келінжаны” трендке айналды
- Димаш тыңдармандарын “Валентин” күнімен құттықтады
- Түріктің ең сексуалды актерлері
- “Жыладым”: Мәдина Сәдуақасова купальникпен суретке түскені үшін күйеуінен сөз естіген
- Бүгін «The World’s Best» жобасының кезекті саны шығады. Димаш қандай ән салады?
- «Жүрегім ақ» деп ән шырқаған Айқын Төлепберген тағы да шудың астында қалды
Болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздар

Ана болу – әр қыз баланың арманы. Сәбилі болу – әр отбасының арманы. Алдарыңызға, еліміздің назарын өзіне аудара білген, болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздардың тізімін ұсынамыз.
Тізіміміздің шымылдығын Қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы – Салтанат Бақаева ашпақ. “Арнау” тобының солисті, бүгін де Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, екі ұл тәрбиелеп отыр. Әншілікпен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актрисасы үшінші перзентіне аяғы ауыр.
Аиша. Беркуттың Аишасы да, Салтанат секілді екі ұлдың анасы. Әншінің жары Беркут, телеарналарға берген сұхбатында үшінші перзенттерін күтіп жүргенін және жарының құрсағындағы сәбидің 3-айында екенін қуаныштан айтып кеткен болатын. Танымал жұп қазір кино әлеміне бет бұрған. Беркут алғашқы фильмінің тұсауын кеспек болса, Аиша отандық сериалдардың біріне түсіп жүр.
Динара Қырықбаева. Жастайынан өнер әлемінде танылған әнші 2015 жылы 24 мамыр күні Олжас есімді жігітке ұзатылды. Айша есімді тәтті қыздың анасы қазір екінші перзентін күтуде. Әнші өзінің инста-парақшасында арнайы жасатқан суреттерін жариялап, халықты сүйсіндіруде.
Ақерке Тәжібаева. 2016 жылдың 23 сәуір күні қобызшы Ақерке Тәжібаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өзіне сырға салынғаны туралы хабарлаған болатын. Ақтөбе қаласына ұзатылған танымал қобызшы, әрі әнші Қайрат Нұртастың қарындасы қазір тұңғышын күтуде.
0 пікір