Данияр Елеусінов: Қазір отбасым жанымда емес, сондай шешімге келдік.

Жариялаған: , уақыты 17.11.2017 , 4 253 рет оқылды

Ләйлә Сұлтанқызының “The эфир” бағдарламасында Данияр Елеусінов жарымен ажырысып кеткені туралы ашық айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Негізінде құпия сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламмен араласамын. Жақын арада ғана сондай шешімге келдік. Алда уақыт көрсетеді. Бөлек тұрып көрейік, ең бастысы бұл жерде бізді ұстап тұрған бала болатын, бала қиналып қалмасын дедік. Әкесінен айырылмасын деген ойымыз болды. Еркек болғаннан кейін баламнан ешқашан бас тартпаймын. Баламды қатты жақсы көремін, балажанмын. Оған бүкіл жағдайды жасауға тырысамын”, – деді Елеусінов отбасы жайлы.

Сонымен қатар, ол бала кезіндегі арманының орындалғанын баяндады.

“Бала кезімде Олимпиада чемпионы болу арманым еді. Арманыма жеттім. Қазір шешім қабылдадым, әзірше әуесқой бокста қалдым деп айта аламын. Себебі маған келіп түскен ұсыныстар көңілімді толықтай толдырған жоқ. Басында кәсіпқой боксқа ауысамын деп ойлағанмын, бірақ ұсыныс түсіргендер келісімшарт бойынша өз міндетін орындамады. Олар қазақ спортшысына мұндай көп ақша төлегенше, өзімізге ақша құяйық деген сияқты, сондай бір сыбыстар болды”, – деді боксшы кәсіпқой рингке өту мәселесі жайлы.

Осыдан кейін жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы спортшыға Елбасымен кездескені жайлы айтып беруін өтінді. “Өте қуанышты сезімде болдым. Елбасы құттықтап, жанұям туралы сұрады, әйеліммен және баламмен бірге шығып келе жатқан кезімде “отбасың ба?” деп сұрады. Баландин сол жағында, мен оң жағында отырдым. Елбасыға спортшыларға деген көзқарасы үшін алғыс айттым, сонда аяғымнан осылай қаққан болатын. Оның өзі маған үлкен мәртебе, абырой”, – деп баяндайды сұхбатта Елеусінов.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бір пікір

  1. Шолпан

    17.11.2017 at 16:57

    Өте өкінішті, әрине кінәлаудан аулақпын себебі екеуіңіздің араңыздағы мәселе бізге бей мәлім. Дегенменде алдағы уақыттарда қайта бірге болсаңыздар екен. Негізі сырт көзге жұбайыңыз өте қарапайым, иманды көрінеді. Сонымен қатар өте көрікті. Ал ұлға әрқашанда əке керек екендігін өзім түсінгенім бар. Сол себепті ойланарсыздар!!!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.