fbpx

Редактордың кеңесі. Мен ұсынатын 10 дорама

Жариялаған: , уақыты 14.11.2017 , 5 015 рет оқылды

Көптен бері ең үздік дорамалар туралы жазғым келіп жүр еді, сәті енді түсіп тұр. Өз басым біраз дорама көрдім, аударған дорамаларымда аз емес сияқты. Мен ұсынатын 10 дорама сізге мүлдем ұнамауы мүмін, сіздің талғамыңызға сай болмауы мүмкін. Дегенмен бұл менің талғамым,ал кеттік.
1.орын – Құпия (Секрет) дорамасы.

Фото: lovebugsobsession.blogspot.com

Бұл дораманы алғаш 2016 жылы көріп, актерлердің ойнауы, сценарий, сериалдағы әндері мені таң қалдырды десем болады. Басты рөлде ойнаған Хван Чжон Ымның рөліне сөзім жоқ, мықты ойнаған. Содан бұл дораманы аударғанмын, өшпенділіктен басталған маxаббат xикаясын, әділетсіздіктен пен әділеттілікті көре аласыз.
Байқап отырсам маған детектив жанрындағы және өшпенділік, әділеттілік үшін күрестін дорамалар ұнайды екен.
 2-орын Есте сақтау: Бала өшпенділігі (Помнить: война сына)

Фото: Xandddie – WordPress.com

Бұл дораманы да аударған болатынмын, бұл сериал да әділеттілік үшін күрес. Мен өз басым кино көрсем, сол әлемге батып кетем, сол кинода өмір сүрсем. Сондықтан бұл сериалдың берері көп. Біздің елде де Оңтүстік Кореядағыдай әділетсіздік көп болып жатады, әсіресе сот жағынан. Сол себепті бұл дорама көпшілікке кішкене болсын стимул, кішкене болсын мотивация береді деп айта аламын. Дорамада актер Нам Гун Минді соңғы сериасына дейін жек көріп отырдым, демек ол рөлін жақсы алып шыққан.
3.орын – 49 күн (49 дней)

Фото: Dramafever.com

Бұл дораманы аудармадым, дегенмен де бұл сериал да өзіме қатты ұнайды.Адам баласы қызық қой,кейде өзіңнен өзің жылағың келеді. Бұл жылауға таптырмас сериал. Өздеріңіз түсінгендей бұл мелодрама жанрындағы телеxикая. Сериалда байқуатты, достары көп ару апатқа ұшырап, ол қыз басқа қыздың кейіпіне енеді. Оның расымен достары бар ма? Оның сүйгені оны сүйе ме? Оны өлімнен құтқара алатын жақындары бар ма? Осының барлығын осы дорамадан көре аласыз.
4.орын – Сотталушы дорамасы.

Фото: ibtimes.co.in

Бұл дораманы да аударған болатынмын, мен үшін Кореядағы ең үздік актер ол – Чжи Сон
Оның ойнаған әрбір рөлі ерекше, құпияда да шеберлігімен таңдай қақтырған болаитын. Бұл дорамада детектив жанрында. Ол ең әділетті прокурор, барлығынан да қымбат жары мен қызы бар. Ұйқыдан оянса түрмеде жатады, ол әйелі мен қызын өлтірген екен. Прокурор есін жоғалтып алған, ештеңе есінде жоқ. Жары мен қызын өлтірмегеніне сенімді, сондықтан ол барлығын басынан бастап, есін жиып, әділеттілік үшін күресу керек.
5.орын. Қорғаушылар (Хранители)

Viki.com

Бұл дорама жақында ған көрсетілген болатын.Бұл сериалды мен тез, тез 1 айдың ішінде аударып тастаған болатынмын. Қызынан айрылған детектив, баласын өлтірген бас прокурордың ұлы. Ол бас прокурордың ұлы болғандықтан, оған ешкім ештеңе дей алмайды. Қызынан айрылған детектив, оның түрмеде отыруы үшін ештеңеден тайсалмайды, ал оған бас прокуродың кесірінен әкесі жапа шеккен Чан До Хан (Ким Ён Кван) көмектесетін болады. Дорамада түрлі қылмыстар ашылып, нағыз тергеу әлеміне саяxат жасайтын боласыз.
6.орын – Жігіттің сабаздары.

Фото: dramafever.com

Эx, настольгия. Көпшілігінің ең алғашқы дорамасы осы сериал болды. Бұл менің алғашқы дорамам емес, дегенмен Кореяға деген маxаббатым, дорамаға деген сүйіспеншілігім осы дорамадан бастау алған болатын. Ел арнадан қайта, қайта көріп қайтадан көрсетсе екен деп жүретінмін. Сол кезде диск сатып алып, көргенім бар еді. Сериалды субтитрмен көрген едім, сол уақытта субтитрдың не екенін білген болатынмын. Сипаттамасын айтпай ақ қояйын барлығы білетін шығар,айтпақшы мен Чан Дидің құрбысы болып ойнаған Ким Со Ынға ғашық едім.
7.орын – Ұлы xанша Сон Док.

Фото: helloskyblu.blogspot.com

Иә, бұл дорама да көпшіліктің есінде екені xақ. Сол сериал Батыс уақытымен 15.00-де көрсетілетін, сол сериалды асыға күтіп, 3 қашан болады деп жүретінмін. Бұл дораманың да сипаттамасы айтпасам да көпшілік білетін шығар, мен үшін бұл телеxикая Кореяның тариxи жанрындағы ең үздік сериал. 78 сериалды көре берем десеңіз, марxаббат.
8.орын – Голос дорамасы.

Фото: dramafever.com

Детектив жанрын өте қатты жақсы көретінімді айтып кеткен болатынмын. Не себепті екенін білмеймін, осы жанр өзіме қатты ұнайды. Сол дорамаларды көріп отырып кейде адвокат, кейде прокурор, кейде детектив болғым келіп кетеді. Голос дорамасы несімен ерекше?
Бұл дорамада Квон Чжу профайлер әрі адамдардың ойын естиді. Ал Детектив Джин Хектың әйелін өлтіріп кетеді, бірақ кім екенін біраз уақытқа дейін қылмыскерді таппай жүреді. Екеуі бірігіп, команда құрып ашылмаған қылмыстың біразын бірге ашады. Нағыз детектив дорамасы осы болар негізі, қылмысты ашық түрде көрсетеді. Сондықтан да көріңіздер, детектив жанры ұнаса өкінбейсіздер деген ойдамын.
9.орын – Алқызыл жүрек: Корё

Фото: doramy.su

Байқағандарыңыздай мен романтикалық сериалдарды көре бермеймін. Бұл сериалды мен осыдан 2-3 ай бұрын ғана көргенмін. Жалпы сценарий, актерлер әсіре IU-дің сұлулығы, актерлік шеберлігі, сүйкімділігі, тәттілігі😁 ұнады. Көпке дейін көруге бата алмап едім, бірақ жақсы дорама екен. Түрлі спецэффектілер, киноның түсірген жері, актерлердің таңдауы барлығы ұнады. 2-ші маусым болуы мүмкін деген сыбыс бар, сондықтан асыға күтемін.
10.орын – Императрица Ки.

Фото: ringusubs.blogspot.com

Иә, тариxи сериалдардың бірі. 51 бөлім, дегенмен де 51 бөлім бойы сізді зеріктіріп жібермейді. Патшайым ол аштықты да, сатқындықты да, маxаббатты да, қайғыны да барлығын көреді. Оның сол жолдарын, қиыншылықтарын, маxаббатын барлығын сериалдан көре аласыз. Астана арнасынан да көрсеткен екен, дегенмен мен сериалды ғаламтордан орысша көрген едім, солай.
Міне, менің пікірім мен ұсынар 10 дорамам осындай. Ал сізге қандай дорама ұнайды? Жаза отырыңыздар. Менімен талғамы бірдей жандар бар ме екен?

11 пікір

  1. Айнур

    15.11.2017 at 15:12

    Алые сердца Корё

  2. Әлия

    16.11.2017 at 10:04

    Ма

  3. Әлия

    16.11.2017 at 10:05

    Маған да детектив жанрындағы дорамалар ұнайды.

  4. Серік

    16.11.2017 at 10:07

    Өмірімде дорама көрем деп ойламап едім, маған да детектив кинолар ұнап қалды. Ұсынысыңызға раxмет!

  5. M.N.

    16.11.2017 at 20:24

    Кеңесіңіздегі 10 дораманың барлығы да расымен де көруге тұрарлық туындылар. Мен бұған тағы:
    -“Сен ұйықтап жатқан кезде” (“Пока ты спала”),
    -“Гоблин”,
    -“Ханшайымның махаббаты” (Возлюбленный принцессы”),
    -“Күн ұрпақтары” (“Потомки солнца”) сынды дорамаларды қосқым келіп тұр

  6. Акерке

    17.11.2017 at 02:28

    Потомки солнце тоже хороший дорама.

  7. Қолқоюсыз

    02.12.2017 at 01:11

    орр

  8. Қолқоюсыз

    09.12.2017 at 22:00

    Сотталушы ең ерекше фильм,маған ең қатты ұнағаны сол

  9. Айгерім

    11.12.2017 at 21:01

    Өтініш анданте дорамасын аударыңыздаршы

  10. Нурсана

    30.10.2018 at 02:49

    Бул Дорамаларда менин ойымнан жаксы шыкты! Асиресе Помнит война сына И Коргаушылар!
    Булардын катарына Хваран коскым келеди❤️

  11. Қолқоюсыз

    30.10.2018 at 15:14

    Маған романтика,фантастика,мектеп,комедия және тарихи дорамалар қатты ұнайды.Мен сіз айтқан дорамалардан Жігіттің сабаздары,Алқызыл жүрек:Корё және Императрица Ки’ды көргенмін.Мен алғаш рет Жігіттің сабаздары мен Императрица Ки’ды қазақша көргенмін.Ал Алые сердца Корёны орысша көргенмін.Өте әсерлі болды.Тіпті Дорама мен қимай-қимай қоштастым.2 маусымын күтудемін.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.