fbpx

Түрлі эксперименттер жасаудан қорықпайтын отандық жұлдыздар

Жариялаған: , уақыты 08.11.2017 , 2 000 рет оқылды

Сәлем, біздің жаңашылдық пен жаңалық іздеген сүйікті оқырман! Алдарыңызға өзіне түрлі эксперименттер жасаудан қорықпайтын, сол эксперименттермен сын астына қалатын отандық жұлдыздар төрттігін ұсынамыз. Сауалнамамыздың қорытындысы бойынша, төрттікке ілінген тізімнің арасында төртінші орынға ие болған аты шулы жұлдызымыз – Баян Мақсатқызының жаңа образы.

Бізде қонақта жаңа мюзиклдың басты рөліндегі “СиСиТайлық”  АЛИСА. Басында аққұба шашты болған Алиса, енді қоңыр шашты, әбес көрінетін (вульгарная) образдың бірі.

Жақынырақ…

Соңғы кезде сын астына көп түсіп жүрген Баян ханымның бұл образдарын көбісі ұната қоймады. Дегенмен, бұл Мақсатқызының өзінің емес, сомдайтын рөлінің стилі екенін ұмытпағайсыздар.

Үштігімзді  Джейрандық Алтынай есімді қылықты қыз ашпақ. Түрлі образдарымен, сахналық киімдерімен жұртшылықты өзіне қаратып жүрген Алтынай ешқандай эксперименттерден қорықпайтынын айтады. Өзін жаңа бейнеде, жаңа кейіпте көруге әрқашан дайын. Тіпті, халықтың сыны да оған маңызды емес.


Бұл өрескелдік пе, әлде батылдық па?! Кім білсін. Дегенмен, осындай ерекшелігімен қазір көптеп танылып жүр. Айтпақшы, қола жүлделі Алтынайымыз, алтынға бір табан, күміс жүлдеміздің иегері – Камшат Жолдыбаеваның туған сіңлісі.

“Пия-пиямен” қайта шыққан, экс-Кешьюлік әнші, әрі актриса – Камшат кез-келген образда да жақсы екенін бір емес, бірнеше рет дәлелдеді. “Бірге” бейнебаянында Кәмшат бірнеше образда көрінеді. Біресе заманауи, бірде ежелгі кәріс стилінде киініп, бірде үнді қызына айналады. Камшат кейде Хюррем патшайымы, кейде Елена сұлу, кейде судан жаралған Афродита,кейде тіпті  жалындаған,  еркіндікті қалаған Кармен.

 

Төрттігіміздің алтын жүлдесі кімге бұйырғанын сезіп отырған шығарсыз. Ол – Қазақстандық Бейонсе, Рианнаның қосындысы – Makosyai.

Мақпал Исабекова кейде LADY GAGA-ны да басып озады керек десеңіз. Бұрыннан түрлі өзгеріс жасап жүретін Мақпалға көрермендері мен тыңдармандары да үйреніп қалған. Қандай Мақпал болса да жылы қабылдайды.Мақпал тек “дерзкий” образ бен стилді ғана ұстанады десеңіз, қателестіңіз. Исабекова кейде жоғарыдағы суреттегідей де нәзік бола алады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.