Бейбіт Сейдуалиева: Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады

Жариялаған: , уақыты 07.11.2017 , 1 407 рет оқылды

“Zhuldyz.tv”  арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасының кезекті қонағы болып келген Бейбіт Сейдуалиева әңгіме барысында жан сырымен бөлісті. “Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады” деген әнші жары Тоқтар Серіков екеуінің арасына түскендер туралы айтты.

“Шыны керек, қарсы қойып, арамызды бұзушылар болды. Екеумізді болар-болмас сөзге бола екі жаққа бөліп, ажырастырып жіберген күндер де бар. Бір таңғалғаным, құдайдың бұйрығы деген керемет бір нәрсе бар. Алла тағала ол адамды сенің жарың болуға бұйыртып, өмір бойына бірге болуды жазса, сен ешқайда кетпейді екенсің.Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша “көрмегенім сол болсын” деп, қиылысатын жолдардан ары-бері қашып жүргенде бәрібір айналып келіп топ еткізіп кездестіріп қояды екен. Сондай сәттер бізде өте көп болды“, – деді Бейбіт Сейдуалиева.

  Бейбіт пен Тоқтардың махаббатарына халық та куә болған. Екеуін таныстарған да, табыстырған да киелі сахна. Қазір өмірде де, өнерде де бірге жүрген отбасының 3 торсықтай ұлдары бар. Үлкен ұлдары Беколжасты халық “Жұлдызды отбасы” бағдарламасынан таниды. Одан кейін Бейбіт өмірге  Әлинұр, Сағинұр есімді егіз ұлдарды алып келді. Әншілер өнерден бөлек, жеке бизнеспен де айналысады.

3 пікір

  1. Қолқоюсыз

    08.11.2017 at 01:33

    Жақсы жарасымды жұптар

  2. Қолқоюсыз

    09.11.2017 at 21:56

    Тамаша жуп

  3. махаббат

    05.12.2017 at 15:09

    керемет бір бірлеріңді ешқашан тастамаң дар бірге болыңдар керемет жұп

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.