“Армандағы” Жако өмірде кім?

Жариялаған: , уақыты 02.11.2017 , 3 862 рет оқылды

Көпшіліктің көңілінен шығып жатқан Қайрат Нұртастың “Арман” немесе “Когда ангелы спят” фильміндегі төрт бұзақының бірі – Айдархан (Елжас Рахимбеков) біздің алдыңғы айдарымыздың қонағы болып еді. Ал бүгін, Айдарханның кинодағы жолдасы, досы –  Жако біздің “Жаңа есім” айдарымыздың кезекті қонағы.

Фильмдегі Жако өмірде Шако. Шадияр Абдуллаев –  Қызылорда қаласында туып, өскен. Мамандық бойынша Шадияр мұнай-газ ісін бітірген.

Фильм түсіріліміне кастинг болып жатқанын инстаграм желісінен көріп,бағын сынап көрмек болған жас актер басты рөлдердің біріне ие болады. Шадияр үшін “Арман” фильмі ең алғашқы толық метражды туындыларының бірі.  Көпшілік төрт жігіттің образы мен рөлдерін мадақтап, шеберліктерінің жоғары деңгейде екенін атап өтуде. Біздің кейіпкерімізге кинодағы сотқар, байдың баласы, дүниеге мастанған Жаконың рөлін сомдау қиын болды ма? Оны жас актердің өзінен сұрағанымыз жөн болар.

    – Ж.Ә: Шадияр, қайырлы күн! “Жұлдыздар Әлеміне” қош келдіңіз! Көңіл-күйіңіз қалай?

  • Қайырлы күн! Көңіл-күйім өте керемет, раxмет!

– Ж.Ә: Шадияр, сізді көпшілік көрермен “Арман” фильмі арқылы тануда. Жалпы Жаконың кейпін сомдау қиын болмады ма? Инстаграм парақшаңыздан да  байқағанымыздай, осындай “негативті” рөлдеріңіз тағы бар екен. Халықтың сынына ұшырап жатпайсыз ба?

  • Негізі Жаконың кейпін сомдау қиынға соққаны рас. Өйткені, бұл менің толық метражды кинода бірінші тәжірибем. Халықтың сынына ұшырадым. Кейбір адамдар киноны көргеннен кейін мені дұрыс қабылдамады. Бірақ, бір жағынан, бұл да жақсы шығар. Демек, мен Жаконын рөлін ойдағыдай сомдап шықтым деп ойлаймын. – Ж.Ә: Білуімізше, фильм КН продюсерлік орталығымен түсірілді. Орталықпен жұмыс жасау қиын болмады ма? Көпшілік үшін сіздермен қатар Жұлдыз да отандық кинематографияда “Жаңа есімдер”  қатарында. Әріптесіңіз Арманның рөліндегі Жұлдызды сипаттап берсеңіз?
  • Продюсерлік орталықпен жұмыс жасауда ешқандай қиындықтар туындамады. Барлығы ойдағыдай өтті, түсірілім тобы және режиссёр маған көмек беріп, қолдады. Жұлдыз туралы айтатын болсақ, біріншіден, ол өте қарапайым және адамгершілігі мол, екіншіден, актерлік шеберлігі өте мықты. Жұлдызды Қазақстанның басқа да киноларында көретінімізге сенімдімін.    – Ж.Ә: Фильм арқылы сіздерді көпшілігі таныды, көрді. Болашаққа енді қандай жоспарларыңыз бар? Сізді тағы үлкен экраннан көре аламыз ба?
  • “Арман” фильмінен кейін, актерлік шеберлігімді ары қарай дамытып, басқа кейіпкерлерді де сомдауға шабытым ашылды. Қазіргі таңда комедия жанрындағы сериал түсірілімі жүріп жатыр. Ол туралы кейін біле жатарсыздар. Құдай қаласа, алдағы уақытта толық метражды киноларда өзімді көрсетемін деген ойдамын. Үлкен экраннан да көре жатарсыздар.

– Ж.Ә: Жоғарыда атап өткеніміздей, сіз біздің әлем үшін, оқырмандарымыз үшін “Жаңа есімдер” қатарындасыз, тағы қандай рөлдерде өзіңізді сынап көргіңіз келеді?

  • “Жаңа есімдер” қатарында болғаныма қуаныштымын! Бірақ, мен осы жерден тоқтамаймын. Болашақта өзімді комедия және тариxи жанрларында өзімді көрсеткім келеді.

– Ж.Ә: Шадияр, өзіңіз жайлы немесе өміріңізде орын алған қызықты оқиғалар арқылы сізге өзіңізді 5 сын есіммен сипаттап беріңіз десе, ол қандай қасиеттеріңіз болады?

  • Өмірдің әр күні мен үшін қызық өтеді. Сол үшін сізге не айтарымды білмей отырмын.
    Өзімнің қасиеттерім туралы жазған ыңғайсыз екен (күліп).
        Мен оптимистпін, ақкөңіл, ашушаң, тік мінезді, кешірімді☺️

    – Ж.Ә: Керемет! Бәлкім осы қасиеттеріңіздің арқасында болар, халық сіздің актерлік шеберлігіңізді бағалап, алдағы уақытта да жиі көргісі келеді. Бізбен тілдесіп, көрермендеріңізбен бір табан жақын болғаныңыз үшін рақмет! Сізге жиі ұсыныстар мен көп басты рөлдер тілейміз! Көгілдір экранымыздан көрермен алыстамайтындай, сол экраннан түспеңіз! Кездескенше!

  • Дина, сізге және “Жұлдыздар әлемі” тобына көп раxмет! Сіздермен тілдескеніме өте қуаныштымын.

 Сұхбаттасқан Дина ОРАЗ     

@dinaoraz     

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    21.12.2017 at 08:28

    Шади красавчик мыкты,актер жарайсын осе бер.биз сенимен мактанамыз озин сиякты азаматтар елимизде коп болсын.Алга

  2. Жасур

    08.01.2018 at 00:29

    Арман фильминде барлық актерлер ролдерин керемет ойнаган екен. Кино басталғаннан кирип кетесің ишине. Мен отбасыма қатты ұнады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.