Болливуд киноәлемінің патшасы бүгін 52-де

Жариялаған: , уақыты 02.11.2017 , 2 425 рет оқылды

Шахрух Кхан – Болливуд киноәлемінің патшасы, үнді киноактері, продюсер және жүргізуші.

– Әкесі Тадж Мұхаммед Хан – Үндістанда танымал қорғаушы, анасының аты – Фатима.

– Мамандығы бойынша экономист.

– Есімі “Хан дидары” деген мағынаны береді.

1988 жылдан бері бірнеше телехикаяларға және 70-тен аса фильмге түскен. Олардың ішінде:

  • «Circus» (Цирк (хикая)) (1989),
  • «Maya» («Майя ханым») (1993),
  • «Karan Arjun» («Каран мен Арджун») (1995),
  • «Kuch Kuch Hota Hai» («Өмірде бәрі де болады») (1998), т.б.

–  «Лашықтан шыққан миллионер» фильміндегі Анил Капурдың рөлін сомдаудан бас тартқан. Кейін бұл кино үлкен жүлде алды.

– Сол секілді “Жан дүниеме келмейді” – деп біраз фильмдерден бас тартқан

– Бірде-бір фильмінде сүйісу кадрларына түспеген. Актер ел алдында сүйісуді ұят көрген.

– Шахрух Кхан Гаури Чаббер атты үнді қызымен отау құрғандарына биыл 26 жыл. Қазір Арян, Абрам атты екі ұл, Сухана деген қызы бар.

– Әйелінің діні басқа болғандықтан, балалары екі дінді де ұстанады. Шахрухтың өзі де жұбайының дініне құрметпен қарайды.

Бір пікір

  1. Абдраманова

    02.11.2017 at 21:46

    Кушти актер мен ушин бул актерге ешким жетпейди толыгырак омир баянын жазсаныздар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.