fbpx

“Армандағы” Айдархан бізде қонақта

Жариялаған: , уақыты 29.10.2017 , 2 119 рет оқылды

Сәлем, жаңашылдық пен жаңалық іздеген біздің сүйікті оқырман! Алдарыңызда, жаңа форматтағы “Жаңа есімдер” айдары. Бүгінгі біздің қонағымыз, феномен Қайрат Нұртастың “АрманнемесеКогда ангелы спятфильміндегі басты рөл сомдаушыларының бірі, төрт бұзақының ішіндегі сотқары – Айдархан. Армандағы Айдархан өмірде – Елжас Рахимбеков.

  • Елжас, Қайырлы күн! “Жұлдыздар Әлеміне” қош келдіңіз! Көңіл-күйіңіз қалай?
  • Рақмет, қош көрдік! Көңіл-күйім өте жақсы. Әсіресе кезекті қойылымнан кейін тіпті көтеріңкі. Алға ұмтылудамыз.
  • Әуелі өзіңізбен жақынырақ таныссақ, қай жердің тумасысыз? Мамандығыңыз?
  • Орталық Қазақстан, бұрынғы Торғай облысы, қазіргі Ақмола облысы Есіл ауданында тудым. Балалық шағым Целиноградта өтті, Алматыға жоғары оқу орынана түсіп, нағыз жұлдыздардың еліне арман қуып, Америка Құрама Штаттарына кеттім.  Лос-Анджелесте оқуымды жалғастырып, тәжірибе жинадым, біраз қысқа метражды фильмдерде бой көрсетіп жүрдім.  Отаныма оралғаныма бір жылдай уақыт болды. Енді түйген-білгенімді осында қолдансам деген ойым бар.
  • Сізді көпшілік көрермен “Арман” фильмі арқылы тануда. Фильмге түсу ұсынысы кімнен түсті?
  • Шамамен наурыз айында мені кастингке шақырды. Кастингтен соң екінші *колл бэкке* шақырту алып, осы рөлге түсуге келісім шарт толық бекітілді. Солай “Арман” фильмі менің алғашқы толық метражды фильмім болды.

(*- Журналистің белгісі. Колл бэк дегеніміз – режиссердің бірінші кастингтен өткен актер немесе модельдермен тікелей кездесуі)

  • Елжас , сізге Айдарханның кейпін сомдау қиын болмады ма? Не дегенмен “негативті” образ. Халықтың сынына ұшырап қаламын-ау деген қорқыныш болмады ма?
  • Образдың сомадалу жағына келер болсам, қиындық жағы, сынға ұшырау жағы мені аса мазаламады. Рөлді жеткізе аламын ба? – деген сұрақтар мені түсірілім алдында толғандырған емес. Себебі көбіне интуицияма ерік беремін. Шүкір, фортуна әлі мен жақта)) (күліп)
  • КН продюсерлік орталығымен жұмыс жасау қиын болмады ма? Әріптесіңіз Арманның рөліндегі Жұлдызды сипаттап берсеңіз?
  • Түсірілім тобы өте ұйымшыл болды. Меніңше, осы ұйымшылдық арқасында қиындықтар туған жоқ. Бәрі өз ретімен, ойдағыдай өтті. Өзіме режиссермен де, оператормен де жұмыс істеу ерекше ұнады. Әрине, жұмыс болған соң арасында бір-екі мәселелер туындап жатты. Бірақ жеңіл мәселелер. Ауа-райының күрт бұзылуынан қайта түсіру деген сияқты. Дегенмен, арасында кішкентай “құпиялар” бар)) Ол құпиялар уәде бойынша түсірілім тобы мен біздің арамызда қалды.
  • Ал Жұлдызға келетін болсақ, актриса ретінде де, адам ретінде де оңды эмоциядамын. Кәсіби маман ретінде жұмыс жасау оңай болды.
  • Сіз үшін бұл фильм алғашқы тәжірибелеріңіздің бірі ме? Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Сізді тағы үлкен экраннан көре аламыз ба?
  • Шынымды айтсам, бұл фильм мен үшін алғашқы емес. Шет елде мен үлкен тәжірибеден өттім, біраз экшн жанрындағы фильмдерде ойнадым. Онымен қоса, Африка еліндегі Нигерия қаласында біздің Лос-Анджелесте түсірген иммеграндтар жайлы фильміміздің көрсетілімі өтті. Онда мен идея авторы және актер ретінде бой көрсеттім. Ол фильмді бір жылдан соң Қазақстанда көрсетсек деген жоспарымыз бар. Алдағы уақытта да актерлік пен қатар музыкада да өзімді әрі қарай шыңдасам деймін.
  • Сіз біздің әлем үшін “Жаңа есімдер” қатарындасыз, тағы қандай рөлдерде өзіңізді сынап көргіңіз келеді?
  • Біздің көрермендерімізге сіздер арқылы үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олардың назары – біздің шабытымыз. Ал рөлдер….біздің тек актер жағынан емес, адами жағынан да дамытатын, жақсылыққа жетелейтіндей болса болғаны.  
  • Егер сізге өзіңізді 5 сын есіммен сипаттап беріңіз десе, ол қандай қасиеттеріңіз болады?
  • Өзіңді сипаттау оңай емес. Дегенмен, тырысып көрейін.
  • қырсық
  • қылықты
  • ұмытшақ
  • үнемі кешігіп жүретін (күліп)
  • шынайы
  • Елжас, өзіңіз жайлы немесе өміріңізде орын алған қызықты оқиғалар арқылы 10 дерек айтып кетіңізші.
  • (Жымиып)
  1. Мен вегетарианмын
  2. Бір жолы, өз қолыммен алтын балық ұстап алдым. Ол менің көкейкесті арманымды орындады
  3. 7 сыныптан бастап, мектепте сыныптастарымна дайын үй жұмыстарын көшіретінмін.
  4. Тағы…бақылау жұмыстарын шебер көшіріп, кей мұғалімдердің бағасы мен қолын ұқсатып өзім қойып алатынмын. Әлі күнге дейін ешкім білмейді. Мойындайтын кез келді-ау деймін))
  5. Үш рет суға кете жаздаған адамдарды құтқарғам. Үшеуінде де өзім батып кете жаздадым.
  6. Бала арманым, кәсіби футболшы болу еді
  7. Балалық шағымда ұяң, ұялшақ болғанмын. Кейде әлі күнге дейін өзгермеген сияқты сезінем
  8. Қытайда төбелескенім үшін бір тәулік түрмеде отырғам
  9. Моншаға жиі барғанды ұнатамын
  10. Мені көбіне бунтарь дейді. Бірақ мен бар болғаны объективті-әділ болғым келеді

(*- Журналистің белгісі. Бунтарь дегеніміз –  бір нәрсемен келіспеу, наразылығын білдіру; көр нәрсеге бағынбайтын, тік мінезді адам)

  • Елжас, сіздің ашық-жарқын мінезіңіз үшін, шынайылығыңыз үшін, көрермендеріңізбен бір табан жақын болғаныңыз үшін рақмет! Сізге жиі ұсыныстар мен көп басты рөлдер тілейміз! Кездескенше!  
  • Сұхбаттасқан Дина ОРАЗ
  • @dinaoraz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.